MySEAT қызметі ыңғайлы ақылы орындарды брондауға мүмкіндік береді (қосымша аяқ кеңістігі бар және/немесе шығуға жақын орналасқан орындар, толығырақ орындар картасынан қараңыз).
MySEAT қызметі
-
MySEAT қызметі дегеніміз не?
-
MySEAT ережелері мен талаптары
Сатып алғаннан кейін MySEAT қызметін басқа күнге қайта брондауға немесе маршрут өзгермеген жағдайда басқа қол жетімді ақылы орынға өзгертуге болады.
MySEAT ерікті түрде өзгертілген кезде бос орындар болмаса да қайтарылмайды.
Барлық MYSEAT ақылы орындары брондау кезінде қол жетімді болса сатылады.
MYSEAT орындары жатын эконом қызметі бар эконом класста (41 қатардан басқа) қолжетімсіз.
Жетелеушісі жоқ балалар MYSEAT орындарын сатып ала алмайды.
Әуе компаниясы сатып алынған MYSEAT орнын операциялық немесе қауіпсіздік себептері бойынша тіпті ұшу аяқталғаннан кейін де кез келген басқа орынға ауыстыру құқығын өзінде қалдырады. Air Astana жолаушыға бұрын сатып алынған баламалы орынды ұсыну үшін барынша күш салады.
MySEAT орындарын басқа жолаушыларға ауыстыруға болмайды.
Жануарлармен саяхаттайтын жолаушылар 1-ші және апаттық қатарларда ақылы орындарды сатып ала алмайды.
Егер әуе кемесін ауыстыру, рейстің кешігуі немесе тоқтатылуы кезінде ұқсас орынды ұсыну мүмкіндігі болмаса, жолаушы қызметті сатып алған орны бойынша ақшалай қайтарымды алуға құқылы.
Гауһар және Алтын деңгейіндегі Nomad Club марапаттау бағдарламасының қатысушылары MySEAT орындарына тегін тапсырыс бере алады.
-
MySEAT қызметін қайта брондау
Ыңғайлылығы жоғары орындарды сатып алғаннан кейін MySEAT қызметін басқа күнге тегін брондауға немесе маршрут өзгермеген жағдайда басқа қолжетімді ақылы орынға өзгертуге болады. MySEAT ұшу күнін ерікті түрде өзгерткен кезде бос орын болмаса да қайтарылмайды. Қызмет туралы толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.
-
MySEAT қызметін қайтару ережелері
Қызмет көрсету ережелеріне сәйкес, MySEAT қызметі келесі жағдайларда қайтарылмайды:
-
Әуебилетті ерікті түрде жойған немесе өзгерткен жағдайда;
-
Онлайн тіркеу кезінде орынның өзгеруі;
-
Қызмет көрсету класының жоғарылатылуы;
-
Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі (жолаушы MySEAT қызметін төлеген кезде авиациялық қауіпсіздік талаптарымен танысады және келіседі);
-
Кешігу себепті жолаушының бортқа уақытында келмеуі, көші-қон және өзге де талаптарға сәйкес келмеуі.
-
-
MySEAT қандай орындар?
MySeat орындары бағытқа және ұшақтың түріне байланысты өзгереді. Көп жағдайда келесі орындар MySeat болып табылады: бизнес-кластың 1 қатары, сондай-ақ Airbus A321neo LR ұшағындағы бизнес-кластың 2 және 4 қатарлары; эконом-кластың 1 және 2 қатарлары және төтенше жағдайлардағы орындар (ерекшеліктер болуы мүмкін).
-
MySEAT қанша тұрады?
Қазақстан ішіндегі баға 9 000 теңгеден, халықаралық рейстер бойынша 16 АҚШ долларынан басталады. Сома бағытына, ұшақтың түріне және орынға байланысты өзгереді. MySEAT ақылы орнын Қазақстан Республикасындағы Air Astana-ның өз кеңселерінде Сыйлық Карталар көмегімен сатып алуға болады..
-
MySEAT қызметін қалай брондауға болады?
MySEAT қызметін әуе компаниясының ресми сайтында билет брондау кезінде немесе кейін «Брондауды басқару» арқылы, ұшудан 36 сағат бұрын онлайн тіркеу кезінде, кез келген сату кеңсесі мен Air Astana брондау және ақпарат орталығы арқылы, сондай-ақ сіздің саяхатыңызды рәсімдеген агенттікте брондауға болады
-
MySEAT қызметін қандай рейстерде сатып алуға болады?
MySEAT орындары тек Air Astana әуе компаниясының рейстерінде қолжетімді.
-
Апаттық жағдайдағы орындарды брондау үшін қандай шектеулер бар?
Апаттық шығуға жақын MySEAT орнын ала алмайтын жолаушылар:
- Физикалық және психикалық жағдайы жолаушының өз денсаулығына, жеке тұлғалар немесе әуе кемесіндегі тұлғалар мен мүлікке қауіп тудырса; сондай-ақ апаттық есікті ашуға шамасы келмейтін тұлғалар;
- Балалар мен жасөспірімдер (2-18 жас), сондай-ақ жетелеушісі жоқ балалар;
- Нәрестелі және/немесе балалы жолаушылар;
- Үй жануары бар жолаушылар;
- Физикалық жай-күйі тез қозғалуға мүмкіндік бермейтін жолаушылар;
- Экипаждың ағылшын, қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулығын түсіне алмайтын жолаушылар;
- Зейнеткерлер;
- Жүкті әйелдер;
- Қауіпсіздік белдігін тағу үшін ұзартқыш қажет болатын жолаушылар;
- Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар.
Апаттық шығу маңындағы орындар жолаушы қауіпсіздік талаптарына сай келген жағдайда қолжетімді. Апаттық шығуға жақын қатардан орын алған жолаушы жақсы физикалық күйде (18-60 жас аралығы) және экипаждың жазбаша һәм ауызша нұсқаулығын ағылшын, қазақ және орыс тілінде түсінуге қабілетті болуы керек.
Жолаушыларды апаттық шығу қатарына орналастыру жөнінде соңғы шешімді рейсті орындайтын әуекомпания қызметкерлері қабылдайды.
Қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, әуекомпания қызметкерлері жолаушыға ақша қаражатын қайтармай басқа орын беруге мәжбүр болады.
-
Nomad Club мүшелеріне арналған MySEAT
Nomad Club бағдарламасының Гауһар және Алтын деңгейіндегі қатысушылары MySEAT орындарын тегін брондай алады. MySEAT-ты Nomad Club жиі ұшатын жолаушылар марапаттау бағдарламасының балдары арқылы онлайн сатып алуға болады.