Апаттық шығуға жақын MySEAT орнын ала алмайтын жолаушылар:
- Физикалық және психикалық жағдайы жолаушының өз денсаулығына, жеке тұлғалар немесе әуе кемесіндегі тұлғалар мен мүлікке қауіп тудырса; сондай-ақ апаттық есікті ашуға шамасы келмейтін тұлғалар;
- Балалар мен жасөспірімдер (2-18 жас), сондай-ақ жетелеушісі жоқ балалар;
- Нәрестелі және/немесе балалы жолаушылар;
- Үй жануары бар жолаушылар;
- Физикалық жай-күйі тез қозғалуға мүмкіндік бермейтін жолаушылар;
- Экипаждың ағылшын, қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулығын түсіне алмайтын жолаушылар;
- Зейнеткерлер;
- Жүкті әйелдер;
- Қауіпсіздік белдігін тағу үшін ұзартқыш қажет болатын жолаушылар;
- Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар.
Апаттық шығу маңындағы орындар жолаушы қауіпсіздік талаптарына сай келген жағдайда қолжетімді. Апаттық шығуға жақын қатардан орын алған жолаушы жақсы физикалық күйде (18-60 жас аралығы) және экипаждың жазбаша һәм ауызша нұсқаулығын ағылшын, қазақ және орыс тілінде түсінуге қабілетті болуы керек.
Жолаушыларды апаттық шығу қатарына орналастыру жөнінде соңғы шешімді рейсті орындайтын әуекомпания қызметкерлері қабылдайды.
Қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, әуекомпания қызметкерлері жолаушыға ақша қаражатын қайтармай басқа орын беруге мәжбүр болады.