Гауһар дәрежесі

  • Diamond (Гауһар) деңгей картасын қалай алуға болады?

    Diamond (Гауһар) деңгейіндегі картаны алу үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 100 000 ұшу ұпайын немесе 125 ұшу сегментін жинау қажет. 1 ұшу сегменті = 1 ұшу.

  • Diamond (гаухар) қатысушыларында қандай артықшылықтар бар?

    Diamond (гаухар)  элиталық деңгей бағдарламасының қатысушыларына келесі артықшылықтар беріледі:

    • Жылына 100 000 бонустық ұпайға дейін сатып алу;
    • Ұшу үшін қосымша 100% бонустық ұпайларды есептеу;
    • Билет тарифына қарамастан қосымша 2 багажды тегін тасымалдау (багаж өлшемдері қызмет көрсету класына байланысты);
    • Басқа бағдарлама қатысушыларына ұпайларды тегін беру;
    • Жылына екі тегін қызмет көрсету класын жоғарылату. Сіз гауһар деңгейінде болу мерзімі ішінде ең көбі 4 қызмет көрсету класын жоғарылата аласыз. Қызмет көрсету класын жоғарылату жиынтық емес және келесі жылға ауыстырылмайды.
    • Элиталық деңгейдегі бір картаны (Күміс немесе Алтын) сыйлыққа беру (2 жылда 1 рет). Күміс деңгей картасын 50 000 бонустық ұпайға беруге болады, ал Алтын деңгей үшін 75 000 бонустық ұпай қажет. Алтын немесе күміс деңгейлі сыйлық картасының әрекет ету мерзімі алынған сәттен бастап ағымдағы жылдың соңына дейін есептеледі + 14 ай.
    • MySeat жайлы орындықтарды тегін таңдау;
    • Басымдық багажды тіркеу және рейске тіркелу;
    • Күту тізіміндегі басымдық;
    • Бизнес-класс күту залдары + 1 қонақ, Air Astana әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық авиабилетімен сапар шеккен, FlyArystanмен сапарыңызда Сіз және өзіңізбен бірге бір қонақ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы» «Шаңырақ» бизнес-класс күту залына өту;
    • Картаның қызмет ету мерзімі – 26 ай.
  • Diamond (Гаухар) үшін тегін қызмет көрсету класын жоғарылатуды қалай пайдалануға болады?

    Diamond элиталық деңгейдегі қатысушылар үшін жылына 2 тегін қызмет көрсету класын жоғарылату ұсынылады.

    Қызмет көрсету класын тегін жоғарылату үшін сізге:

    • Эконом класстағы билет;
    • Сіз таңдаған рейстерге қызмет көрсету класын жоғарылатуға арналған орындардың болуы1;
    • Nomad Club бөліміне немесе сату кеңселеріне тегін қызмет көрсету класын жоғарылатуды сұрап хабарласу (тегін қызмет көрсету класын жоғарылату мүмкіндігі онлайн режимінде қол жетімді емес) қажет.

     

    1 - Орындардың болуын жеке кабинет арқылы немесе байланыс орталығы арқылы тексеруге болады. Орындар болмаған жағдайда, қосымша орындарды ашу мәселесін қарастыру үшін Nomad Club бөліміне сұрау жібере аласыз.

    Сіз Nomad Club бөліміне сілтеме арқылы немесе телефон арқылы хабарласа аласыз, +7 727 244 55 30 жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00-ден 17: 00-ге дейін.

    Біздің ережелерімізге сәйкес әуекомпания кез келген бағыттар мен кез келген қызмет көрсету класында марапат билеттерін алу үшін орындар санын шектеу құқығын өзіне қалдыратынын ескеруді сұраймыз.

     

  • Элиталық деңгейдегі картаны қалай сыйлауға болады?

    Diamond элиталық деңгейдегі картасы бар қатысушылар, картаның жарамдылық мерзімі ішінде, кез келген Nomad Club қатысушысына элиталық деңгейдегі бір картаны сыйға бере алады.

     

    Diamond қатысушысынан элиталық деңгей картасын сыйға алғысы келетін жолаушы NomadClub бағдарламасына тіркелуі керек.

    Diamond қатысушысы сілтеме арқылы сұрау жіберуі және келесі ақпаратты ұсынуы керек:

    • Қатысушысының нөмері;
    • Құжаттары (жеке куәлік, паспорт);
    • Картаны сыйға беретін қатысушының нөмері;
    • Картаны сыйға беретін қатысушының құжаттары (жеке куәлік, паспорт).

    Сыйға берілетін картаның жарамдылық мерзімі 14 ай.

    Күміс деңгей картасын сыйға 50 000 бонустық ұпайға беруге болады, ал Алтын деңгей үшін 75 000 бонустық ұпай қажет.