Diamond элиталық деңгейдегі қатысушылар үшін жылына 2 тегін қызмет көрсету класын жоғарылату ұсынылады.
Қызмет көрсету класын тегін жоғарылату үшін сізге:
- Эконом класстағы билет;
- Сіз таңдаған рейстерге қызмет көрсету класын жоғарылатуға арналған орындардың болуы1;
- Nomad Club бөліміне немесе сату кеңселеріне тегін қызмет көрсету класын жоғарылатуды сұрап хабарласу (тегін қызмет көрсету класын жоғарылату мүмкіндігі онлайн режимінде қол жетімді емес) қажет.
1 - Орындардың болуын жеке кабинет арқылы немесе байланыс орталығы арқылы тексеруге болады. Орындар болмаған жағдайда, қосымша орындарды ашу мәселесін қарастыру үшін Nomad Club бөліміне сұрау жібере аласыз.
Сіз Nomad Club бөліміне сілтеме арқылы немесе телефон арқылы хабарласа аласыз, +7 727 244 55 30 жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00-ден 17: 00-ге дейін.
Біздің ережелерімізге сәйкес әуекомпания кез келген бағыттар мен кез келген қызмет көрсету класында марапат билеттерін алу үшін орындар санын шектеу құқығын өзіне қалдыратынын ескеруді сұраймыз.
Осы мақала пайдалы болды ма?