Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Diamond (гаухар) қатысушыларында қандай артықшылықтар бар?

Diamond (гаухар)  элиталық деңгей бағдарламасының қатысушыларына келесі артықшылықтар беріледі:

  • Жылына 100 000 бонустық ұпайға дейін сатып алу;
  • Ұшу үшін қосымша 100% бонустық ұпайларды есептеу;
  • Билет тарифына қарамастан қосымша 2 багажды тегін тасымалдау (багаж өлшемдері қызмет көрсету класына байланысты);
  • Басқа бағдарлама қатысушыларына ұпайларды тегін беру;
  • Жылына екі тегін қызмет көрсету класын жоғарылату. Сіз гауһар деңгейінде болу мерзімі ішінде ең көбі 4 қызмет көрсету класын жоғарылата аласыз. Қызмет көрсету класын жоғарылату жиынтық емес және келесі жылға ауыстырылмайды.
  • Элиталық деңгейдегі бір картаны (Күміс немесе Алтын) сыйлыққа беру (2 жылда 1 рет). Күміс деңгей картасын 50 000 бонустық ұпайға беруге болады, ал Алтын деңгей үшін 75 000 бонустық ұпай қажет. Алтын немесе күміс деңгейлі сыйлық картасының әрекет ету мерзімі алынған сәттен бастап ағымдағы жылдың соңына дейін есептеледі + 14 ай.
  • MySeat жайлы орындықтарды тегін таңдау;
  • Басымдық багажды тіркеу және рейске тіркелу;
  • Күту тізіміндегі басымдық;
  • Бизнес-класс күту залдары + 1 қонақ, Air Astana әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық авиабилетімен сапар шеккен, FlyArystanмен сапарыңызда Сіз және өзіңізбен бірге бір қонақ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы» «Шаңырақ» бизнес-класс күту залына өту;
  • Картаның қызмет ету мерзімі – 26 ай.
Осы мақала пайдалы болды ма?