Электрондық ваучерді Air Astana қызметкерлері сіздің ұшуыңызға дейін, ұшу кезінде немесе одан кейін өтемақы ретінде ұсынады және билетті немесе авиакомпанияның сайтынан қосымша қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Электрондық ваучер жолаушының электрондық поштасына немесе ұялы телефон нөміріне жіберіледі.
Air Astana электрондық ваучері
-
Электрондық ваучер дегеніміз не және ол қандай жағдайларда беріледі?
-
Электрондық ваучер қанша уақытқа жарамды?
Электрондық ваучердің жарамдылық мерзімі алынған сәттен бастап күнтізбелік 1 жылды құрайды.
-
Электрондық ваучерді қалай пайдалануға болады?
Тек қана www.airastana.com сайтында кезекті билетіңізді сатып алғанда. Ваучерді пайдаланып билет сатып алу біздің сайттағы стандартты билет алу тәртібімен жүзеге асады. Яғни, сізге біздің сайтта бағытты, ұшу күнін, тариф түрін өзіңіз таңдап, жолаушылардың жеке және байланыс деректерін енгізу қажет болады. Соңғы қадамда, билет төлемін жасамас бұрын, оң жақ жоғарғы бұрыштағы «ваучерді активтеу» батырмасын басып, ваучер нөмірі мен сіз ұсынған құжаттың нөмірін енгізу керек. Содан кейін жеңілдікті ескере отырып төлем жасау қажет — егер билет құны жоғары болса, айырма төленеді, төмен болса, айырма қайтарылмайды.
Сонымен қатар, сіз қосымша қызметтерді сатып ала аласыз. Мысалы, MySEAT ақылы орындар немесе MyBAGGAGE қосымша багаж қызметі. -
Мен өзіме және басқа жолаушыларға билет сатып алу үшін ваучерді пайдалана аламын ба?
Иә, барлық жолаушылар үшін бір транзакция шеңберінде бір брондауда төлем жасалған жағдайда.
-
Егер менің жаңа билетім қымбат/арзан болса
Егер билеттің құны ваучердің номиналынан асып кетсе, қалған соманы төлеуіңіз керек. Егер билет құны Ваучер сомасынан аз болса, айырма қайтарылмайды.
-
Ваучер қандай валютада беріледі?
Ваучер беру орнына байланысты теңгемен, АҚШ долларымен немесе жергілікті валютамен берілуі мүмкін.
-
Төлем кезінде соманы айырбастау қалай жүреді?
Ваучер сомасы Air Astana компаниясының бас брондау жүйесінің өзекті бағамына сәйкес автоматты түрде билет валютасына айырбасталады.
-
Мен ваучердің орнына ақша ала аламын ба немесе оны өзгерте аламын ба?
Жоқ, бұл ваучер қайтаруға және баламалы ақша сомасына айырбастауға жатпайды.
-
Ваучерді басқа авиакомпаниялардың рейстерінде пайдалануға бола ма?
Ваучер тек Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерге брондау үшін ғана жарамды.