Тек қана www.airastana.com сайтында кезекті билетіңізді сатып алғанда. Ваучерді пайдаланып билет сатып алу біздің сайттағы стандартты билет алу тәртібімен жүзеге асады. Яғни, сізге біздің сайтта бағытты, ұшу күнін, тариф түрін өзіңіз таңдап, жолаушылардың жеке және байланыс деректерін енгізу қажет болады. Соңғы қадамда, билет төлемін жасамас бұрын, оң жақ жоғарғы бұрыштағы «ваучерді активтеу» батырмасын басып, ваучер нөмірі мен сіз ұсынған құжаттың нөмірін енгізу керек. Содан кейін жеңілдікті ескере отырып төлем жасау қажет — егер билет құны жоғары болса, айырма төленеді, төмен болса, айырма қайтарылмайды.
Сонымен қатар, сіз қосымша қызметтерді сатып ала аласыз. Мысалы, MySEAT ақылы орындар немесе MyBAGGAGE қосымша багаж қызметі.
Осы мақала пайдалы болды ма?