My BAGGAGE қызметі (қосымша жүк)

  • MyBAGGAGE ережелер мен шарттар

    Қосымша жолжүктің алдын ала төлемін тек «Air Astana» авиакомпаниясы орындайтын рейстерге рәсімдеуге болады..

    • Қосымша жолжүктің алдын ала төлем тарифтері бағдарлама бойынша бір бетіне (ұшу немесе келу бағытында) бірінші аялдамаға/бірінші стоповерге немесе соңғы межелі орынға дейін қолданылады..
    • Қосымша жолжүк үшін алдын ала төлем тек сіздің авиабилеттіңізге рәсімделеді және басқа жолаушыға беру құқығынсыз болады.
    • Алдын ала төленген қосымша жолжүк алдын ала төлем қызметі рәсімделген билетке ғана тіркелуі тиіс.
    • «Air Astana» авиакомпаниясының жолаушыларды және жолжүкті әуемен тасымалдау ережелері осы шарттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
    • Қосымша жолжүкті алдын ала төлеу қызметін рәсімдеген кезде берілетін барлық ақпараттың толықтығын тексеру қажет.
    • Қосымша жолжүк үшін алдын ала төлем сапар шегу сертификаты, сыйлық картасы, ваучер немесе Nomad Club баллдары арқылы төлене алмайды.
    • Қосымша жолжүкті алдын ала төлеу қызметі бір жолаушыға 10 жолжүк орнын (сөмке) рәсімдеуге мүмкіндік беред.
  • Air Astana багажды тасымалдау нормалары

    Жүкті алып жүру нормасы сатып алынған билетке сәйкес анықталады. Жүктің бір орнының салмағы билет брондау классына байланысты өзгеріп отырады (бірақ санитарлық нормаларға сәйкес 32 кг-нан аспауы тиіс):

    • Бизнес-класс - әрқайсысы 32 кг дейін 2 багаж орны
    • Жатын Эконом – әрқайсысы 23 кг дейін 2 багаж орны
    • Эконом-класс - әрқайсысы 23 кг дейін 0-ден 2-ге дейін багаж орны

    Багаждың әрбір жеке орнының жалпы мөлшері (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспайды. Қосымша багаж қызметі қажет болған жағдайда билет бойынша тасымалдау нормасын арттыруға болады.

     

  • Қосымша багаж қызметі туралы толығырақ

    Егер билет бойынша жүк тасымалдау нормасы жеткіліксіз болса, Air Astana-да қосымша норма сатып алу қызметі бар. Бұл багаждың қосымша орны, салмағы немесе бір орынның мөлшері болуы мүмкін. Қосымша багаж орнын ұшуға дейін 36 сағаттан ертерек сатып алғанда 30% жеңілдік қолданылады.

  • Қосымша багаж орнын жеңілдікпен қалай сатып алуға болады?

    Сіз қосымша жүктің құнын 30%-ға дейін жеңілдікпен, рейстің ұшуына дейін 36 сағаттан кеш емес уақытта онлайн түрде сатып ала аласыз.

    Қосымша жүктің құнын біздің ресми сайтымызда біле аласыз. Ол үшін «Брондау және Басқару» – «Басқару» – «Қосымша қызметтер» – «Қосымша жүк» бөлімдерін ашу қажет. Ашылған терезеде ұшу қаласын таңдап, «Есептеу» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ тікелей сілтемені пайдалануыңызға болады.

    Сіздің назарыңызға бағыт бойынша қосымша жүктің нақты құны, жеңілдікпен құны, артық салмақ үшін төлем, сондай-ақ ірі көлемді жүк үшін төлем көрсетілген тарифтік кесте ұсынылады.

    Қосымша жүкті онлайн, Брондау және ақпарат орталығында, Air Astana сату кеңсесінде немесе туристік агенттіктерде сатып ала аласыз.

  • Қосымша жүкті қайдан сатып алуға болады?

    Қосымша жүк орнын авиакомпанияның сайтында сапарды рәсімдеу кезінде, «Брондауды басқару» бөлімінде және онлайн тіркеу барысында, сондай-ақ Air Astana сату кеңселерінде, Брондау және ақпарат орталығында, ұшу алдындағы тіркеу үстелдерінде немесе сапарды рәсімдеген агенттікте сатып алуға болады.

     

  • Nomad Club қатысушылары үшін жүкті алып өту нормасы бойынша артықшылықтар

    Егер сіз Nomad Club бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, қатысу деңгейіне байланысты жолжүк тасымалдау нормасы бойынша қосымша артықшылықтарға ие боласыз. Гауһар және Алтын деңгейдегі қатысушыларға – эконом класс үшін 23 кг, бизнес класс үшін 32 кг болатын қосымша 2 багаж орны, ал Күміс деңгейдегі қатысушыларға – 1 қосымша багаж орны ұсынылады.

  • Егер сапар бірнеше рейстерден (ауысып отырумен) тұратын болса, қосымша багаж қандай тариф бойынша сатып алынады?

    Бір және одан да көп ауысып отыратын өтпелі бағыттарда 36 сағаттан кем: Қосымша багаж үшін тариф барлық тасымалдау үшін 1 рет алынады. Бір және одан да көп ауысып отыратын/36 сағаттан артық тоқтайтын немесе кері бұрылатын тура бағыттарда: Қосымша багаж тарифі әрбір ұшу сегменті үшін алынады.Егер тасымалдау маршруттың әрбір учаскесі бойынша жеке билеттерді пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, онда Қосымша багаж үшін төлем билеттерде көрсетілген әрбір маршрут бойынша жарияланған тарифтерге сәйкес алынады.

  • Басқа әуекомпанияның қатысуымен ұшуға қосымша жолжүкті рәсімдеуге бола ма?

    Багажды тегін алып жүрудің жарияланған нормалары тек Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолданылады. Басқа әуекомпаниялармен бірлесіп жүзеге асырылатын рейстерде тасымалдаушы әуекомпанияның нормалары қолданылады.

    Егер тасымалдау екі және одан да көп тасымалдаушының рейстерін қоса алғанда, басқа әуекомпаниялармен бірлескен рейстерде жүзеге асырылса, маршрутта басым тасымалдаушының жолжүгін тасымалдау нормасы қолданылады.

    Мұндай жағдайда билет бойынша белгіленген нормадан артық жолжүкті тасымалдау үшін төлем ұшу алдындағы нақты саны мен салмағы бойынша жүргізіледі.

  • Қосымша жолжүк қызметін қайтаруға бола ма?

    Қосымша жолжүк қызметі пайдаланылмағаны расталған жағдайда, қосымша багаж ұшудан бұрын немесе кейін қайтарылуы мүмкін.

  • Бөлінбейтін бір жүктің максималды рұқсат етілген салмағы қандай?

    Бөлінбейтін бір жүк орны тасымалдаудың қосымша нормасы үшін қосымша төлемді қоса алғанда, 32 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 32 кг-нан асатын жүк орындары тіркелген жүк ретінде тасымалдауға қабылданбайды. Мұндай жүкті тасымалдау үшін жүктерді тасымалдау қызметтеріне жүгіну қажет.