Сіз қосымша жүктің құнын 30%-ға дейін жеңілдікпен, рейстің ұшуына дейін 36 сағаттан кеш емес уақытта онлайн түрде сатып ала аласыз.
Қосымша жүктің құнын біздің ресми сайтымызда біле аласыз. Ол үшін «Брондау және Басқару» – «Басқару» – «Қосымша қызметтер» – «Қосымша жүк» бөлімдерін ашу қажет. Ашылған терезеде ұшу қаласын таңдап, «Есептеу» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ тікелей сілтемені пайдалануыңызға болады.
Сіздің назарыңызға бағыт бойынша қосымша жүктің нақты құны, жеңілдікпен құны, артық салмақ үшін төлем, сондай-ақ ірі көлемді жүк үшін төлем көрсетілген тарифтік кесте ұсынылады.
Қосымша жүкті онлайн, Брондау және ақпарат орталығында, Air Astana сату кеңсесінде немесе туристік агенттіктерде сатып ала аласыз.
Осы мақала пайдалы болды ма?