- Билеттерді біздің ресми сайттан немесе Air Astana мобильді қосымшасынан брондаңыз. Бронь тапсырыс нөмірін алған сәттен бастап 1 сағат ішінде жарамды;
- Авиабилетке тапсырыс нөмірін алыңыз;
- Өтінімді одан әрі ресімдеу үшін Halyk Homebank қосымшасына өтіңіз;
- Әуе билетіне тапсырыс нөмірін "Тапсырыс нөмірін енгізіңіз" жолына енгізіңіз;
- Брондалған әуе билетінің деректерін тексеріңіз, кредит мерзімін таңдаңыз және "Одан әрі" батырмасын басыңыз;
- Несиелік құжаттамамен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қойыңыз;
- Несие рәсімделгеннен кейін сіздің электронды поштаңызға әуе билеттері жіберіледі.
Төлем әдістері
-
Халық Банк несиесіне билетті қалай сатып алуға болады?
-
Қаруды тасымалдауға қалай төлеуге болады?
Қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдау үшін алдын ала келісу және ақы төлеу талап етіледі. Тасымалдау тарифтерімен және шарттарымен Сіз осы жерде таныса аласыз.
-
Спорттық жабдықтарды тасымалдауға қалай төлеуге болады?
-
Мен ақылы орындарды сатып алғым келеді, оларды қалай сатып алуға болады?
Байланыс орталығына, WhatsApp, Live Chat немесе қалаңыздағы сату кеңсесіне хабарласыңыз. Мекенжайды мына жерден таба аласыз. Төлем әуежайда тіркелу фактісі бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ, орындарды онлайн тіркеу кезінде және әуежайда төлеуге болады. -
Қосымша багажды қалай сатып алуға болады?
Байланыс орталығына, WhatsApp, Live Chat немесе қалаңыздағы сату кеңсесіне хабарласыңыз. Мекенжайды мына жерден таба аласыз. Төлем әуежайда тіркелу фактісі бойынша жүргізіледі.
Егер сіз қосымша жолжүкті тасымалдауды алдын ала ресімдей алмасаңыз, әуежайда төлем жасай аласыз. Назар аударыңыз - ұшу алдында қосымша жүктің құны жоғары. -
Балаға билетті қалай сатып алуға болады?
Байланыс орталығына, WhatsApp/Live Chat кеңесшісіне немесе қалаңыздағы сату кеңсесіне хабарласыңыз. Мекенжайды мына жерден таба аласыз.
-
Маған ваучер жіберілді, оны қалай пайдалануға болады?
Электрондық ваучерді авиакомпанияның ресми сайтында ғана пайдалануға болады https://airastana.com алдағы рейсті немесе қосымша қызметтерді төлеу үшін (MySEAT, MyBAGGAGE, Meet and Greet). Төлем кезінде "Ваучерді іске қосу" тармағын таңдап, барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.
-
Маған сертификат берілді, оны қалай пайдалануға болады?
Қағаз сертификатын пайдалану үшін Сіз өз қалаңыздағы авиакомпанияның сату кеңсесіне хабарласуыңыз керек, мекенжайды мына жерден таба аласыз.
-
Маған сыйлық картасы берілді, билетті қалай сатып алуға болады?
Сізге өз қалаңыздағы авиакомпанияның сату кеңсесіне жеке жүгіну қажет, мекенжайды сілтеме бойынша басу арқылы таба аласыз.
-
Авиабилетті қалай төлеуге болады?
Брондауды төлеуге болады
- Брондау және ақпарат орталығына телефон арқылы хабарласу: + 7 (727) 244 44 77, +77027024477;
- Air Astana сайтындағы немесе мобильдік қосымшасындағы онлайн чатқа жүгініп, Есептік жазба – Көмек-Онлайн-кеңесші;
- Сіздің қалаңыздағы авиакомпанияның сату кеңсесінде. Мекенжайды осы сілтеме бойынша өту арқылы нақтылауға болады;
- WhatsApp нөмірін кеңесшіге жазу+7 702 702 0148;
- маршрутты брондау және ақпарат орталығы арқылы брондау және бронь нөмірі мен ұйымыңыздың деректемелерін payments@help.airastana.com мекенжайына жіберу арқылы аудару;
- Halyk қосымшаларында, Kaspi байланыс орталығында алдын-ала брондау.
Сонымен қатар Сіз билетті біздің сайтымызда өз бетіңізше брондай және төлей аласыз және қажет болған жағдайда Halyk, Kaspi банктерден кредитпен төлей аласыз.