Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Қаруды тасымалдауға қалай төлеуге болады?

Егер сіз атыс, спорт, кәдесый немесе модельдік қару сияқты қаруды тасымалдауды жоспарласаңыз, бұл үшін келісуге алдын ала сұрау салуды жіберуіңіз керек. Бұл сұрау салу Көмек орталығы арқылы немесе әуебилеттер сататын агенттік арқылы ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

Төлем тек әуежайда тіркеу кезінде ғана жүргізіледі

Қару тасымалдауға арналған сұрау салуда мыналарды көрсету қажет:

  • Қарудың түрі мен саны
  • Қарудың моделі, сериялық нөмірі және табельдік нөмірі
  • Қаруды қолдану мақсаты
  • Қаруға арналған оқ-дәрілер мен патрондардың түрі және саны (оқ-дәрілердің жалпы таза салмағы бір адамға 5 кг-дан аспауы керек екенін ескеріңіз; егер нормалар бірнеше адамға есептелсе, оларды бір немесе бірнеше жолжүк орнына біріктірілмеуі керек)

Қаруды тасымалдауға сұраныс беру үшін сілтеме бойынша нысанды толтырыңыз.

Тасымалдау тарифтерімен және шарттарымен Сіз осы жерде таныса аласыз.

Осы мақала пайдалы болды ма?