Silver (күміс) деңгейіндегі картаны алу үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 25000 ұшу ұпайын немесе 30 ұшу сегментін жинау қажет. 1 ұшу сегменті = 1 ұшу.
Элит дәрежелері және оларға тағайындалған артықшылықтар
-
Silver (күміс) деңгей картасын қалай алуға болады?
-
Gold (алтын) деңгей картасын қалай алуға болады?
Gold (алтын) деңгейіндегі картаны алу үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 50 000 ұшу ұпайын немесе 60 ұшу сегментін жинау қажет. 1 ұшу сегменті = 1 ұшу.
-
Diamond (Гауһар) деңгей картасын қалай алуға болады?
Diamond (Гауһар) деңгейіндегі картаны алу үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 100 000 ұшу ұпайын немесе 125 ұшу сегментін жинау қажет. 1 ұшу сегменті = 1 ұшу.
-
Қажетті ұпай санын жинадым, бірақ карта деңгейі көтерілмеді, не істеу керек?
Қатысушының деңгейін арттыруға ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде жинақталған ұшу ұпайлары мен ұшу сегменттері ғана әсер етеді.
Жеке кабинетте қатысушы тіркелген сәттен бастап жинаған ұпайлардың жалпы саны көрсетіледі. Бұл ұпайлармен билеттерді рәсімдеу немесе қызмет көрсету класын жоғарылату үшін пайдалануға болады.
"Келесі дәрежеге қажет ұпайлар" жолында көрсетілген баллдар (Airastana қосымшасында ол "Іс-әрекеттерді шолу" бөлімінде орналасқан) – қатысушының деңгейіне әсер ететін ұшу баллдары.
Ескерту: Егер сіз қатысушы деңгейін көтеру үшін біліктілік талаптарын орындаған болсаңыз, жүйеге деңгейді жаңарту үшін шамамен 24 сағат қажет болады.
-
Сатып алынған ұпайлар немесе аударылған ұпайлар қатысушы деңгейіне әсер ете ме?
Тек сатып алынған ұшу сегменттері қатысушы деңгейін көтеруге әсер етеді. Әрбір қатысушы деңгейінде ұшу сегменттерді сатып алуға қатысты өз шектеулері бар. Толық ақпаратты сілтемеден таба аласыз.
-
Мен жинаған ұпайлар келесі деңгейге өткенде жойылады ма?
Nomad Club бағдарламасында екі баллдық жүйе бар:
- Барлық ұшу және бонустық ұпайларды қамтитын ұпайлардың жалпы саны (серіктестерден алынған ұпайларды қоса);
- Тек ұшу ұпайларынан тұратын келесі деңгей үшін қажетті ұпайлар.
Қатысушы келесі деңгейге өту үшін қажетті ұпай санына жеткенде, оның ұпайлардың жалпы санына енгізілген ұшу ұпайларының мерзімі аяқталмайды. Сонымен қатар, қатысушылар өз ұпайларын марапат билеттерін немесе қызмет көрсету класын жоғарылатуды сатып алу үшін пайдалана алады. Бұл келесі деңгейге өту үшін қажетті ұпайлар санына әсер етпейді.
-
Келесі деңгейге ұпайлар жетпей жатыр. Не істеуге болады?
Көк, күміс, алтын деңгейлері бар бағдарлама қатысушыларының жетіспейтін ұшу ұпайлары мен ұшу сегменттерінің санын сатып алу мүмкіндігі бар.
Көк түсті деңгей қатысушылары жылына 4000 ұшу ұпайларын немесе 5 ұшу сегментін сатып ала алады.
Күміс, алтын деңгей қатысушылары 5600 ұшу ұпайларын немесе 7 ұшу сегментін сатып ала алады.
800 ұшу ұпай /1 ұшу сегменті құны = 15000 теңге.
-
Silver (күміс) қатысушыларында қандай артықшылықтар бар?
Silver (күміс) элиталық деңгей бағдарламасының қатысушыларына келесі артықшылықтар беріледі:
- Жылына 30 000 бонустық ұпайға дейін сатып алу;
- Жылына 5600 ұшу ұпайларын және 7 ұшу сегментін сатып алу;
- Ұшу үшін қосымша 25% бонустық ұпайларды есептеу;
- Билет тарифына қарамастан қосымша жолжүкті тегін тасымалдау (жолжүк өлшемдері қызмет көрсету класына байланысты);
- Басымдық жолжүкті тіркеу және рейске тіркелу;
- Картаның қызмет ету мерзімі – 14 ай.
-
Gold (алтын) қатысушыларында қандай артықшылықтар бар?
Gold (алтын) элиталық деңгей бағдарламасының қатысушыларына келесі артықшылықтар беріледі:
- Жылына 30 000 бонустық ұпайға дейін сатып алу;
- Жылына 5600 ұшу ұпайларын және 7 ұшу сегментін сатып алу;
- Ұшу үшін қосымша 50% бонустық ұпайларды есептеу;
- Билет тарифына қарамастан қосымша 2 жолжүкті тегін тасымалдау (багаж өлшемдері қызмет көрсету класына байланысты);
- Myseat жайлы орындықтарды тегін таңдау;
- Басымдық жолжүкті тіркеу және рейске тіркелу;
- Күту тізіміндегі басымдық;
- Бизнес-класс күту залдары + 1 қонақ, Air Astana әуекомпаниясының бір рейсінде коммерциялық әуебилетімен сапар шеккен, FlyArystanмен сапарыңызда Сіз және өзіңізбен бірге бір қонақ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы» «Шаңырақ» бизнес-класс күту залына өту;
- Картаның қызмет ету мерзімі – 14 ай.
-
Күміс, Алтын, Гауһар деңгейлері үшін жолжүктің рұқсаты қандай?
Элиталық деңгейдегі қатысушылар үшін билетте көрсетілген жолжүктен басқа, қосымша сөмкелерін алып жүруге рұқсат етіледі. Қосымша жолжүктің мөлшері қатысушының деңгейіне байланысты, толық ақпаратты осы жерден табуға болады.
Жолжүк салмағы сізге билет берілген қызмет класына байланысты. Бизнес-класс билеттері үшін жолжүктің салмағы 32 кг-нан, эконом-класс билеттері үшін 23 кг-нан аспауы керек.
Мысал: Егер сіз элиталық Silver деңгейі картасымен бағдарламаның мүшесі болсаңыз және 23 кг-ға дейінгі 1 жолжүгі бар эконом-класс билетін сатып алсаңыз, мүшелік картаңызды көрсету арқылы салмағы 23 кг-ға дейінгі қосымша 1 сөмкені алып жүре аласыз. Егер билет бизнес-класта болса, қатысушы салмағы 32 кг-ға дейінгі қосымша 1 сөмкені өзімен бірге ала алады.
-
Blue, Silver, Gold, Diamond деңгейіндегі картаның жарамдылық мерзімі?
Blue негізгі картасының жарамдылық мерзімі шексіз.
Silver, Gold элиталық деңгейдегі картасының жарамдылық мерзімі 14 ай (біліктілік жылы+12 ай+2 ай).
Diamond деңгейіндегі картаның жарамдылық мерзімі 26 ай (біліктілік жылы+24 ай+2 ай).