Қатысушының деңгейін арттыруға ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде жинақталған ұшу ұпайлары мен ұшу сегменттері ғана әсер етеді.
Жеке кабинетте қатысушы тіркелген сәттен бастап жинаған ұпайлардың жалпы саны көрсетіледі. Бұл ұпайлармен билеттерді рәсімдеу немесе қызмет көрсету класын жоғарылату үшін пайдалануға болады.
"Келесі дәрежеге қажет ұпайлар" жолында көрсетілген баллдар (Airastana қосымшасында ол "Іс-әрекеттерді шолу" бөлімінде орналасқан) – қатысушының деңгейіне әсер ететін ұшу баллдары.
Ескерту: Егер сіз қатысушы деңгейін көтеру үшін біліктілік талаптарын орындаған болсаңыз, жүйеге деңгейді жаңарту үшін шамамен 24 сағат қажет болады.
Осы мақала пайдалы болды ма?