Ұпайларды қайтару

  • Есептелмеген ұпайларды қалай қайтаруға болады?

    Есептелмеген ұпайларды airastana.com веб-сайтындағы - Nomad Club – Есептік жазбаны шолу – Ұпайларды қолдану –  Ұпайларды қайтару сілтемелері арқылы жеке кабинетте немесе сілтемені басу арқылы қайтаруға болады.

     

    Егер билетке түзетулер енгізілсе, мысалы, әуежайда жолаушының аты-жөнін түзету немесе рейстің кешігуіне немесе тоқтатылуына байланысты мәжбүрлі түрде қайта брондау болса, онда билет нөмірі өзгертілуі мүмкін. Бұл жағдайда билет нөмірін нақтылау үшін сату кеңселеріне немесе байланыс орталығына хабарласуға болады.

    Егер сіз сайт қатесіне байланысты ұпайларды қайтара алмасаңыз, қате экранын скрин суретін қосып сілтеме арқылы Nomad Club бөліміне хабарласа аласыз.

    Сондай-ақ, Сізге ыңғайлы болу үшін брондау кезінде немесе рейске тіркелу кезінде қатысушының нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз, осылайша брондау класы дұрыс болған жағдайда ұпайлар автоматты түрде сіздің шотыңызға есептеледі.

  • Неліктен ұпайлар автоматты түрде есептелмейді?

    Ұпайлар сіздің шотыңызға автоматты түрде есептелуі үшін Air Astana ресми сайтында билетті ресімдеу кезінде қатысушының (картаның) нөмірін " Жиі ұшатын жолаушылар бағдарламасының мүшелік нөмірі бар" бағанына құсбелгі қойып, қатысушының нөмірін көрсету қажет.

    Егер сіз сайтта билетті ресімдеу кезінде қатысушының нөмірін енгізуді ұмытып қалсаңыз немесе билеттерді үшінші тарап сайттарында, туристік агенттіктер арқылы ресімдеген болсаңыз – ұшар алдында біздің колл центрлер, сату кеңселері, тіркеу үстелінде немесе сатып алу орны арқылы қатысушының нөмірін броньға енгізе аласыз.

    Егер ұшу орындалып қойса, онда ұпайларды өзіңіз жеке кабинетіңіз арқылы қайтара аласыз: airastana.com - Nomad Club - Есептік жазбаны шолу – Ұпайларды қолдану –  Ұпайларды қайтару.

     

  • Соңғы 12 айдағы ұшқан билеттер бойынша ұпайларды қалай қалпына келтіруге болады?

    Соңғы 12 айдағы билеттер тізімін алу үшін, құжаттарды (паспорт – егер рейстер шетелде болса, жеке куәлік – ішкі рейстер болса) тіркеп, сілтеме арқылы Nomad Club бөліміне сұрау жіберу керек. Әрі қарай сізге Excel форматында билет нөмірі, рейс нөмірі, күні мен ұшу бағыты көрсетілген билеттер тізімі жіберіледі. Ұпайларыңызды жеке кабинет арқылы арқылы қайтаруға болады.

  • Ұпайлардың жойылу себептері?

    Ұпайлардың жарамдылық мерзімі жеке шотқа есептелген күннен бастап 3 жыл. Егер сіз ұпайларды марапаттау билеттерін рәсімдеу үшін немесе қызмет көрсету классын жоғарылату үшін жоғарыда көрсетілген мерзімдерде пайдаланбасаңыз, ұпайлар автоматты түрде есептен жойылады.