Ұшақта тамақтану

  • Ұшақ бортында қандай арнайы тағам түрлері қолжетімді?

    Air Astana диеталық қажеттіліктерге сай, соның ішінде веган, вегетариан, діни немесе медициналық талаптарға сәйкес арнайы тағамдар ұсынады.
    Арнайы тағамдардың тізімін мына сілтеме арқылы таба аласыз.

  • Арнайы тағамға қалай тапсырыс беруге болады?

    Арнайы тамаққа ұшуға 24 сағат қалғанда Брондау және ақпарат орталығы, WhatsApp, сату кеңселері немесе сайт пен мобильді қосымшадағы «Брондауды басқару» бөлімі арқылы тапсырыс бере аласыз.

  • Балаларға арнайы тамақ беріледі ме?

    2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы әзірленген тағам 3 сағаттан ұзақ рейстерде ұсынылады.
    Бұл – жас жолаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген теңгерімді мәзір. Тағамның ашық түсті, ерекше дизайны балалар үшін ас ішу сәтін ұмытылмас әсерге айналдырады.
    Толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

  • Сәби үшін тағамға тапсырыс бере аламын ба?

    Екі жасқа дейінгі ең кішкентай жолаушыларға арналған тағам екі түрлі пюреге — жеміс, көкөніс немесе ет пюресіне — негізделген және ыстық тағамдарды қамтымайды.
    Мұндай тағам барлық рейсте беріледі және алдын ала тапсырыс берудің қажеті жоқ.

  • Кошер тағамына тапсырыс беруге бола ма?

    Назар аударыңыз, қазіргі уақытта Air Astana Қазақстаннан ұшатын рейстерде кошер тағамын ұсынбайды. Алайда кейбір халықаралық әуежайлардан ұшатын бағыттарда мұндай тағам ұсынылуы мүмкін — бұл ұшу әуежайы мен сол жердегі тамақтандыру қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты. Қолжетімді арнайы тағамдардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

    Тапсырысты ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын Call Centre, WhatsApp, сату кеңселері немесе Air Astana сайты мен мобильді қосымшасындағы «Брондауды басқару» бөлімі арқылы рәсімдеуге болады.

  • Қант диабетімен ауыратын жолаушылар үшін арнайы тамаққа тапсырыс беруге бола ма?

    Иә, Air Astana әуекомпаниясы қант диабетіне бейімделген арнайы тағам түрін ұсынады. Бұл мәзір қандағы қант деңгейін көтермейтін, қуырылған, тәтті, майлы, ащы және тұзды тағамдарды қамтымайды.
    Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы қарай аласыз.
    Арнайы тамаққа ұшуға 24 сағат қалғанда Брондау және ақпарат орталығы, WhatsApp, сату кеңселері немесе сайт пен мобильді қосымшадағы «Брондауды басқару» бөлімі арқылы тапсырыс бере аласыз.