Барлық жолаушылар қосымша багажды алдын ала немесе әуежайдағы тіркеу сөресінде сатып ала алады.
«Қосымша багаж» қызметін алдын ала рәсімдеуге болады:
-
авиакомпанияның сайтында әуе билетін брондау кезінде;
-
Air Astana брондау және ақпарат орталығында немесе сіздің қалаңыздағы сату кеңсесінде;
-
Air Astana ресми сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы «Брондауды өзгерту» бөлімінде;
-
туристік агенттік арқылы.
Ұшуға дейін 36 сағаттан ерте сатып алынған қосымша багажға 30% жеңілдік қолданылады.
Ұшуға дейін 36 сағаттан аз уақыт қалғанда рәсімделген жағдайда әуежайдағы стандартты тариф алынады.
Қосымша багаж нормасы мен тарифтері туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.