Жануарларды тасымалдау

  • Үй жануарларын тасымалдау

    Жолаушыларға белгілі бір жануарларды (мысықтар, иттер, тасбақалар ) әуекомпания мен билік органдарының талаптарына сәйкес тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Тасымалдауға рұқсат алу үшін міндетті талаптар:

    • жануар паспортының болуы;
    • ветеринариялық куәлік (ветеринариялық қадағалаудан алу қажет);
    • оны анықтау үшін татуировка немесе микрочиптің болуы;
    • жануарларға арналған контейнердің болуы;
    • тыныштандыратын спрейлер немесе таблеткалар, егер тасымалдау ұшақ салонында жүзеге асырылса (қажет болған жағдайда ұшу кезінде пайдалану үшін).

    Брондауға ұшудан кемінде 24 сағат бұрын арнайы тапсырыс жіберуі керек. Растау үшін сізге мына форманы толтыру немесе Брондау және ақпарат орталығына, WhatsApp кеңесшілеріне, сондай-ақ әуекомпанияның жеке сату кеңселеріне (байланыс және мекен-жайлар), туристтік агенттіктерге хабарласу қажет.

  • Жануарларды тасымалдау қанша тұрады?

    Тасымалдау құны бағыты мен тасымалдау түріне байланысты (қол жүгінде немесе жолжүк бөлімінде). Тарифтерді сілтемеге басу арқылы нақтылауға болады.

    Төлем әуежайда тіркеуден өту кезінде жүргізіледі.

  • Салонда үй жануарларын тасымалдау ережелері мен мөлшерлері

    Үй жануарларын (ит немесе мысық) ұшақ салонында тасымалдауға болады, бірақ бұл белгілі бір талаптарға сәйкес жүзеге асады. Жануардың иесі тасымалдау ережелерін алдын ала біліп, арнайы сұрау жіберуі қажет.

    1. Контейнердің мөлшері мен салмағы:
    - Airbus және Boeing типті ұшақтар үшін жануар тасымалданатын контейнердің өлшемі 30 x 47 x 27 см-ден аспауы тиіс.
    - Контейнер мен жануардың жалпы салмағы 8 кг-нан аспауы керек.
    - Жануар салонда тек бір жолаушыға – бір жануар мөлшерінде тасымалдана алады.

    2. Брондау және сұрау салу:
    Жануарды тасымалдау үшін сіз билет сатып алған орынға хабарласуыңыз немесе арнайы форманы толтыруыңыз қажет. Жануарлар санын бортта шектеу болғандықтан, бұл алдын ала жасалуы шарт.

    3. Орналастыру тәртібі:
    Салонда жануарлары бар жолаушылар, мүмкіндігінше, ұшақтың артқы жағына, бір-бірінен шамамен 10 қатар қашықтықта орналастырылады.

    4. Бір контейнерде бірнеше жануар:
    Егер жануарлар бір тұқымды және жасы алты айдан аспайтын болса, бір контейнерде 3 жануарға дейін тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда төлем әр жануар үшін емес, контейнердегі жалпы салмақ бойынша есептеледі.

  • Кеміргіштер мен құстарды тасымалдауды қалай ұйымдастыруға болады?

    Құстар мен кеміргіштерді ұшақтың салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді тек ұшақтың жүк бөлімінде авиақұжат (авианакладной) рәсімдеу арқылы тасымалдауға рұқсат етіледі. Сargo@airastana.com мекенжайына хабарласуларыңызды сұраймыз.

  • Аквариумдық балықтарды қалай тасымалдауға болады?

    Балықты тасымалдау туралы мәселе бойынша cargo@airastana.com мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз, өйткені аквариум балығы тек жүк ретінде тасымалданады.

  • Жүк бөлімінде тасымалданатын жануарларға арналған ережелер

    1. Саны мен салмағы:
    Бір контейнерде ең көп дегенде екі жануар тасымалдана алады, егер олар бірге өмір сүруге дағдыланған және әрқайсысының салмағы 14 кг-нан аспаса. Әртүрлі жануарларды бір контейнерде бірге тасымалдауға тыйым салынады. Егер жануардың салмағы көп болса, ол бөлек контейнерде тасымалдануы тиіс.

    2. Контейнерге қойылатын талаптар:
    - Контейнер берік, төменгі жағы сұйықтық өткізбейтін, желдеткіш тесіктері бар және тамақтандыруға арналған орындары болуы қажет.
    - Жануар өзін еркін сезініп, тұрып, жатып, айнала алатындай кең болуы керек.

    3. Контейнердің өлшемі:
    Airbus және Boeing ұшақтарында жүк бөліміне арналған контейнердің максималды өлшемі — 122 x 81 x 88 см.

    4. Үлкен салмақты жануарлар:
    Салмағы 40 кг-нан асатын жануарлар берік ағаш жәшіктерде тасымалданады. Мұндай жәшікті жолаушы өзі қамтамасыз етуі тиіс.

    5. Қауіпсіздік және жайлылық:
    Жануардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін ұшу алдында контейнердің ішіне төсеніш салу ұсынылады. Сондай-ақ, жануардың күйін бақылау мақсатында оған идентификациялық белгілер мен байланыс деректері бекітілуі тиіс.

     

  • Бағыттаушы ит тасымалдауға бола ма?

    Көру қабілеті тұрақты түрде бұзылған жолаушылар өздерінің арнайы үйретілген ит-жетекшімен бірге қосымша төлемсіз саяхаттай алады. Арнайы оқытылған ит-жетекші ұшақ салонында иесінің аяғының жанында болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде тұмылдырық тағылған болуы тиіс.

    Ит-жетекшіні Лондон қаласына тасымалдауға рұқсат етілмейді.

  • Үй жануарларын қай жастан бастап тасымалдауға рұқсат етіледі?

    Қазақстан аумағында күшіктер мен мысықтарды тасымалдауға 8 апталық туғаннан бастап рұқсат етіледі. Күшіктер мен мысықтарды шетелге тасымалдауға 3 үш айдан бастап рұқсат етіледі.

  • Басқа елдер үшін ерекше шектеулер бар ма?

    Кейбір елдерге, мысалы Ұлыбритания, Ирландия, Оңтүстік Африка және Аустралияға, үй жануарларын жүк ретінде кіргізуге және шығаруға толығымен тыйым салынған. Бұл елдерге жануарлар тек жүк авиақұжаты (авианакладной) бойынша тасымалдануы тиіс.
    Аталған елдерге үй жануарларын тасымалдау үшін cargo@airastana.com мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.

    Үндістан мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тек жануарларды елден шығаруға рұқсат етілген, ал елге кіргізу тек жүк арқылы (cargo) жүзеге асырылады.

    Толығырақ осы сайтта танысуға болады.