Жолаушыларға белгілі бір жануарларды (мысықтар, иттер, тасбақалар ) әуекомпания мен билік органдарының талаптарына сәйкес тасымалдауға рұқсат етіледі.
Тасымалдауға рұқсат алу үшін міндетті талаптар:
- жануар паспортының болуы;
- ветеринариялық куәлік (ветеринариялық қадағалаудан алу қажет);
- оны анықтау үшін татуировка немесе микрочиптің болуы;
- жануарларға арналған контейнердің болуы;
- тыныштандыратын спрейлер немесе таблеткалар, егер тасымалдау ұшақ салонында жүзеге асырылса (қажет болған жағдайда ұшу кезінде пайдалану үшін).
Брондауға ұшудан кемінде 24 сағат бұрын арнайы тапсырыс жібері керек. Растау үшін сізге мына форманы толтыру немесе Брондау және ақпарат орталығына, WhatsApp кеңесшілеріне, сондай-ақ әуекомпанияның жеке сату кеңселеріне (байланыс және мекен-жайлар), туристік агенттіктерге хабарласу қажет.
Осы мақала пайдалы болды ма?