Air Astana өз жолаушыларына кез келген бағыттағы әуе билеттеріне айырбастауға болатын номиналы 30 000, 50 000 және 100 000 теңгелік арнайы сыйлық карталарын ұсынады.
Air Astana сыйлық карталары
-
Air Astana сыйлық карталары дегеніміз не?
-
Сыйлық карталарының құны қандай?
Сыйлық карталарының қолжетімді номиналдары – 30 000, 50 000 және 100 000 теңге. Құны номиналдарға тең, қосымша комиссиялар немесе алымдар жоқ.
-
Сыйлық карталарын қайдан сатып алуға болады?
Сыйлық карталарын сату Қазақстан аумағында орналасқан компанияның меншікті кеңселерінде ғана жүргізіледі.
-
Сатып алынған сыйлық картасын қайтаруға немесе айырбастауға бола ма?
Сыйлық карталары қайтарылмайды немесе айырбасталмайды. Сыйлық картасы ақшалай түрде баламалы сомаға айырбастауға жатпайды. Егер сыйлық картасын пайдалана отырып төленген тариф сыйлық картасының құнынан төмен болса, сомадағы айырма қайтарылмайды. Жоғалған, ұрланған немесе бүлінген сыйлық карталарын Air Astana авиакомпаниясы қалпына келтіре алмайды немесе қайта шығара алмайды.
-
Сатып алынған сыйлық картасын қалай және қайда пайдалануға болады?
Авиабилеттерді сыйлық карталары бойынша р2сімдеу авиакомпанияның өз кеңселерінде ғана жүзеге асырылады. Сыйлық карталары тек Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерге алымдарды қоса алғанда, билеттердің ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Сыйлық картасын бір билетті сатып алу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ бір авиабилетті төлеу үшін бірнеше сыйлық карталары пайдаланылуы мүмкін.
-
Сыйлық картасының жарамдылық мерзімі қандай?
Сыйлық картасының жарамдылық мерзімі – сатып алынған сәттен бастап бір жыл. Осы уақыт ішінде билет рәсімделуі тиіс. Қолданылу мерзімі өткен карта бойынша билетті рәсімдеу жүргізілмейді. Пайдаланылмаған сыйлық картасы / қолданылу мерзімі өткен карта қайтаруға және айырбастауға жарамайды.
-
Сыйлық картасын авиакомпанияның қосымша қызметтерін сатып алу үшін пайдалануға бола ма?
Сыйлық карталарын Air Astana қызмет көрсету класын арттыру, нормативтен тыс багаж, Nomad Club жиі ұшатын жолаушыларға сыйлықақы беру бағдарламасының баллдары немесе брендтелген промо-өнімді сатып алу сияқты қосымша қызметтерді немесе өнімдерді төлеу үшін пайдалануға болмайды.
-
Сыйлық картасын пайдаланып сатып алынған билеттер үшін қандай ережелер жарамды?
Сыйлық картасының көмегімен сатып алынған билеттер тиісті тарифті қолдану ережелеріне сәйкес пайдаланылады. Егер сыйлық картасын пайдалана отырып төленген тариф сыйлық картасының құнынан төмен болса, сомадағы айырма қайтарылмайды.