MyMAIL қызметі

  • My Mail (жедел пошта қызметі) қызметіне шот-фактура және орындалған жұмыстар актісі.

    Егер жөнелтілгеннен бері 15 күннен аз уақыт өтсе, онда сіз пошта жөнелтілген жерден шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін ала аласыз. Өзіңізбен бірге жөнелтуші ұйымнан жөнелтушіге сенімхат және ұйымның деректемелері болуы қажет. 
    Егер сіз пошта жөнелтілген күннен бастап 15 күн өткеннен кейін шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін (АВР) алғыңыз келсе, онда esf.post@airastana.com электрондық поштасына "AirAstana" АҚ Бас бухгалтері Сәуле Хасенованың атына басшының мөрімен және қолымен расталған шығыс нөмірі мен күні көрсетілген ресми сұрау салу хатын жолдауыңыз қажет.

  • MyMAIL дегеніміз не?

    MyMAIL - бұл Қазақстан бойынша, сондай-ақ Қазақстаннан Қырғызстанға және қарама-қарсы бағытта жазбаша хат-хабарларды, құжаттардың түпнұсқалары мен 5 кг-ға дейінгі сәлемдемелерді жеткізудің ең жылдам тәсілі. Жеткізу мерзімі 5 сағаттан басталады.

    Қабылдау және беру пунктері, сондай-ақ жөнелту шарттары туралы ақпаратты осы жерден таба аласыз.