Балаға билет сатып алу үшін сату кеңселеріне, Live Chat/WhatsApp кеңесшілеріне немесе Ақпарат және брондау орталығына хабарласыңыз. Біздің қызметкерлер балаға билет рәсімдеп, еріп жүретін ересек жолаушы туралы ескерту енгізеді.
Брондау және рәсімдеу
-
Егер ересек жолаушылардың билеттері бар болса, баланы қалай қосуға болады?
-
Мен Call Centre арқылы брондалған тапсырысымды сайттан сатып ала аламын ба?
Жоқ, бірақ Сіз Live Chat немесе WhatsApp онлайн-сату арналары арқылы билетті қашықтан төлей аласыз.
-
Мен балаға билетті брондай алмаймын, бұл немен байланысты?
Бұл шектеу баланың өздігінен ұшып кете алмайтындығына байланысты. Егер Сіз баланы авиакомпания қызметкерлерінің алып жүруімен жібергіңіз келсе, сізге компания өкілдігіне, сату кеңселеріне, чат/WhatsApp консультанттарына немесе брондау және ақпарат орталығына (Call Centre) жүгіну қажет:
+7 (727) 2 44 44 77, +7 (717) 2 58 44 77, WhatsApp: +7 702 702 01 48 -
Мен жолаушыны билетте ауыстыра аламын ба?
Жолаушыны брондауда және рәсімделген авиабилетте ауыстыру мүмкін емес.
-
Мен сайттан билеттерді сатып алдым, бірақ олар поштаға келмеді, неге?
Егер төлем сәтті өтіп, бірақ билеттер поштаға жеткізілмеген жағдайда, пошта жәшігіндегі "Спам" папкасын тексеруді сұраймыз. Егер бұл қалтада билеттер болмаса, Сіз сату кеңселеріне, Live Chat немесе Call Centre-ге барып, билеттерді поштаға қайта жіберуді сұрай аласыз.
Ақпарат және брондау орталығы (Call Centre):- Нұр-Сұлтан қ. Тел.: + 7 (717) 2 58 44 77
- Алматы қ. Тел.: + 7 (727) 244 44 77
- WhatsApp кеңесшісі: +7 702 702 01 48
-
Менің брондауым қанша уақытқа жарамды болады?
Брондаудың қолданылу мерзімі ұшып шығу күніне, әуе билетінің бағыты мен тарифіне байланысты болады. Ұялы телефоныңыздың дұрыс нөмірін көрсетіңіз, өйткені бағдарлама өңдегеннен кейін сізге бронның жойылу күні мен уақыты көрсетілген SMS жіберіледі.
-
Ұшу алдында билетті басып шығаруым керек пе?
Билетті басып шығарудың қажеті жоқ, өйткені барлық деректер электронды түрде сақталады. Рейске отырғызу үшін жеке басты куәландыратын құжат қана жеткілікті.