MyEmptySeat қызметі қасыңыздағы көрші орындарды бос қалдырып, сізге ұшу барысында кең әрі жайлы отыруға мүмкіндік береді.
MyEmptySeat (көрші орынды бос қалдыру) қызметі
-
MyEmptySeat деген не?
-
MyEmptySeat маған міндетті түрде беріле ме?
Біз сіздің ұсынысыңызды орындау үшін барынша күш саламыз, алайда MyEmptySeat қызметіне толық кепілдік берілмейді. Себебі ұшақтағы орындар, тіпті отырғызудан кейін де, операциялық немесе қауіпсіздік мақсатында қажет болуы мүмкін.
-
MyEmptySeat қызметіне не кіреді?
Бұл қызмет көршілес жолаушыларға арналған орындарды бос қалдыруға мүмкіндік береді. Бірақ басқа барлық қызметтер сіз бастапқыда сатып алған әуебилеттің тарифіне сәйкес көрсетіледі. Яғни лаунжға кіру, қосымша тамақ, жол жиынтығы, қол жүгі, тіркелетін багаж және басқа да артықшылықтар бұл қызметке кірмейді.
-
MyEmptySeat қызметін кім пайдалана алады?
Қызметті Air Astana әуе компаниясының эконом-класында расталған билеті бар жолаушылар пайдалана алады. Билет нөмірі 465 санынан басталуы тиіс. Келесі билет түрлері бағдарламаға қатыспайды:
- Nomad Club марапат билеттері
- Жүлде иегерлері
- Әуе компаниясының қызметкерлері
-
Қалай төлеуге болады?
Ұсыныс берген кезде банк картасының деректерін көрсету қажет.
Көрсетілген сома картаңыздан тек Air Astana ұсынысыңызды қабылданғаны туралы электронды хат жібергеннен кейін ғана алынады.
Егер ұсынысыңыз қабылданбаса, картаңыздан ешқандай қаражат шешілмейді.
-
Әуе кемесі ауыстырылған жағдайда төленген MyEmptySeat қызметіме не болады?
Әуе кемесі ауысқан жағдайда, біз MyEmptySeat сақталып қалуы үшін барынша әрекет етеміз.
Егер қызметті сақтау мүмкін болмаса, сізге қайтарым туралы электронды хат жіберіледі, ал қаражат картаңызға автоматты түрде қайтарылады.
-
Ұсыныс қабылданып, бірақ рейс кейінге шегерілсе немесе тоқтатылса ше?
Бұл жағдайда MyEmptySeat келесі рейске ауыстырылмайды. Қаражат автоматты түрде қайтарылады. Жаңа рейске бұл қызметті қайта алғыңыз келсе, оны қайта рәсімдеу қажет.
-
Егер несие картамнан қаражат алынып, бірақ MyEmptySeat қызметі көрсетілмесе не істеу керек?
Егер қызмет көрсетілмесе, картаңыздан алынған қаражат автоматты түрде қайтарылады.
Егер ұшқаннан кейін 2 сағат ішінде қайтарым туралы хат алмасаңыз, әуе компаниясына хабарласа аласыз.
-
MyEmptySeat орындарына сөмке қоюға бола ма?
Жоқ. Бос қалдырылған орындарды қол жүгіне, музыкалық аспаптарға, жануар тасымалдағыштарға, сәбилерге немесе басқа заттарға пайдалануға болмайды.
-
Қанша орынды MyEmptySeat қызметі арқылы алуға болады?
Бұл әуе кемесінің конфигурациясына және брондаудағы жолаушылар санына байланысты. Мысалы, A321LR әуе кемесінде брондауда бір жолаушы болса, екі көршілес орынды бұғаттауға болады; екі жолаушы болса – тек бір орынды. Нақты қолжетімділік MyEmptySeat қызметін алу кезінде көрсетіледі.
-
Ұшу алдындағы электрондық хатты кім алады?
www.airastana.com сайтында онлайн билет сатып алған жолаушылар ұшар алдында электронды хат ала алады. Хат брондау кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Егер бір брондауда бірнеше жолаушы болса, әр жолаушыға жеке хат жіберіледі. Хаттар тек мүмкін болатын рейстер мен күндерге билеті бар және бос орын жеткілікті болған жағдайда ғана жолданады.
-
MyEmptySeat барлық рейстерде қолжетімді ме?
Жоқ. Қызмет Air Astana орындайтын барлық рейстерге қолданылмайды.
Мысалы, ішкі және чартерлік рейстерде бұл қызмет қолжетімсіз.
-
Егер бір брондауда бірнеше рейс болса, олардың барлығы MyEmptySeat бағдарламасына қатыса ма?
Әр рейс MyEmptySeat бағдарламасына жеке қатысады. Сіз бұл қызметті қай рейсте қолданғыңыз келетінін өзіңіз таңдайсыз. Кейбір рейстер сұранысқа немесе әуе компаниясы ережелеріне байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін.
-
MyEmptySeat қызметін серіктес әуе компаниялар орындайтын код-шеринг рейстерінде пайдалануға бола ма?
Жоқ. Бұл бағдарлама тек Air Astana орындайтын рейстерге ғана қолданылады.
-
MyEmptySeat қызметінің бағасы қанша?
Баға әр рейске байланысты өзгереді. Қызмет қолжетімді болса, бағасын электронды шақыру хатындағы сілтеме арқылы немесе бронь нөмірі мен тегіңізді енгізу арқылы көре аласыз.
-
Ұсынысты болдырмауға бола ма?
Иә. Егер тіркеу аяқталмаған және ұсыныс әлі қабылданбаған болса, оны болдырмауға болады. Бұл әрекетті электронды хаттағы сілтеме арқылы немесе мына жерде жасауға болады.
-
Ұсынысым қабылданғанын қалай білемін?
Ұшу алдында сіз Air Astana әуе компаниясынан ұсынысыңыздың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы электрондық хат аласыз.
Егер ұсыныс қабылданса, картаңыздан қаражат алынады. Егер қабылданбаса, қаражат алынбайды. -
Ұсыныс бергеннен кейін пайдаланылатын несие картасын өзгерткім келсе не істеуім керек?
Ол үшін ұсынысты рейске тіркеу аяқталғанға дейін болдырмауыңыз қажет.
Алдымен ұсынысыңыздың жойылғанын растайтын хат аласыз, содан кейін жаңа карта деректерімен қайта ұсыныс бере аласыз.
Егер ұсыныс қабылданып, бірақ төлем картада қаражат болмауына немесе техникалық себептерге байланысты өтпесе, сізге жаңа карта деректерін енгізуге арналған сілтемесі бар хат жіберіледі.
-
Егер ұсыныс қабылданбаса, қайта беруге бола ма?
Жоқ. Егер ұсынысыңыз сәтсіз болса, сол рейс пен күн үшін қайта ұсыныс бере алмайсыз.
-
Егер мен MyUPGRADE және MyEmptySeat қызметтеріне бір уақытта ұсыныс берсем не болады?
Екі қызметке де ұсыныс берсеңіз, олардың біреуі қабылданған жағдайда екіншісі автоматты түрде қабылданбайды.
-
MyEmptySeat қызметін Nomad Club ұпайларымен төлеуге бола ма?
Жоқ. Бұл қызметті Nomad Club ұпайларымен төлеу мүмкін емес.