Әуежай ережелеріне байланысты терминалды ауыстыру қажет болуы мүмкін. Ауысып отыруға жеткілікті уақыт қалдыруыңызды сұраймыз.
Рейс бойынша тіркеу, багаж және транзиттік тіркеу
-
Терминалды ауыстыру қажет пе?
-
Тіркеу мен отырғызуды кім жүргізеді?
Әдетте, тіркеу мен отырғызуды рейсті орындайтын әуекомпаниясы қамтамасыз етеді. Кейбір әуежайларда Air Astana бұл қызметтерді FlyArystan атынан көрсете алады.
-
Спорттық жабдықтар мен арнайы багаж (қару-жарақ, жануарлар) қабылдана ма?
Жоқ. Спорттық жабдықтар мен арнайы жолжүк (соның ішінде қару-жарақ пен жануарлар) код-шеринг рейстерінде қабылданбайды.
-
Жолжүк кешіктірілсе, жоғалса немесе зақымдалса не істеу керек?
Егер билетті Air Astana әуекомпаниясы ресімдесе, ал рейсті FlyArystan орындаса, жолжүк бойынша сұрақтар Air Astana-ға жолдануы тиіс. Қажет болса, келген әуежайдағы Air Astana жүк іздеу қызметіне хабарласыңыз.
-
Қосымша жолжүк сатып алуға бола ма?
Иә. Қосымша немесе нормадан тыс жолжүкті әуежайдағы тіркеу орнында сатып алуға болады. Жолжүкті алдын ала сатып алу қолжетімсіз.
-
Жол жүк соңғы бағықа дейін рәсімделе ме?
Иә. Егер бүкіл маршрут Air Astana әуе компаниясының бір билетімен рәсімделсе, жолжүк соңғы межелі сапарыңызға дейін рәсімделеді.
-
Жолжүк тасымалының қандай нормасы қолданылады?
FlyArystan орындайтын және Air Astana нөмірімен рәсімделген сегменттерде келесілер ұсынылады:
- 23 кг-ға дейінгі тіркелген жолжүктің 1 орны
- 8 кг-ға дейінгі қол жүгінің 1 орны
-
Маған бүкіл маршрут бойынша отырғызу талондары беріле ме?
Егер барлық сегменттер бір Air Astana билетінде рәсімделсе, әуежай қызметкерлері мүмкіндігінше бүкіл маршрутқа отырғызу талондарын береді. Кейбір жағдайларда ауысып отыру әуежайында қосымша тексерулер қажет болуы мүмкін.
-
Онлайн тіркеуден өтуге бола ма?
FlyArystan орындайтын код-шерингтік рейстер үшін онлайн тіркелу қолжетімсіз. Тіркелу әуежайда тегін жүзеге асырылады.