Маусымдық немесе жедел кесте өзгерістері

  • Жедел және маусымдық кесте өзгерістерінің айырмашылығы неде?

    Жедел өзгерістер-бұл ереуілдерге, ауа-райының қолайсыздығына, әуежайдың жабылуына, техникалық себептерге және т.б. (жоспарланбаған) байланысты ұшуға дейінгі 72 сағатта жасалатын кесте өзгерістері.

    Ұшудан 72 сағаттан астам уақыт бұрын болатын қысқы немесе жазғы навигация кестесінің өзгеруі маусымдық кесте өзгерістері және/немесе рейстердің тоқтатылуы болып табылады.

  • Авиакомпания маусымдық кесте өзгерген кезде не ұсынады.

    Маусымдық кесте өзгерген кезде авиакомпания ұсынады:

    • Қайта брондау айыппұлсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте авиабилетті қайта рәсімдеуге тек таяудағы 2 күнде (кешіктірілген рейске дейін 2 күн немесе кешіктірілген рейстен кейін 2 күн) ұшатын рейстерге не кесте бойынша келесі рейске (егер 2 күн шегінде ұшатын рейс болмаса) ғана рұқсат етіледі, сондай-ақ ұшудың ұқсас уақыты бойынша жақын арадағы рейске қайта броньдауға рұқсат етіледі (кідіртілген рейске қарамастан 2 күн шегінде басқа рейстердің болуына);

    • Егер авиабилет жолаушының келісімімен және растауымен келесі рейстерге/күндерге 1 рет өзгертілсе, келесі өзгерістер (күндер) тарифті қолдану қағидалары бойынша жүргізіледі;

    • Егер жолаушы өзгертілген рейстің ұшу уақытына дейін жүгінген болса, бір қайта брондаудан кейін де толық қайтаруға рұқсат етіледі;

    • Тіркеу іс жүзінде жабылғаннан кейін жолаушы жүгінген кезде авиабилетті қайта брондау немесе қайтару рейске келмегені үшін қосымша ақымен жүзеге асырылады.

  • Авиакомпания Жедел өзгерістер кезде не ұсынады.

    Кестені жедел өзгерткен кезде, кешіктіру уақытына байланысты авиакомпания +/- 1 күнге қайта брондауды немесе толық қайтаруды ұсынады. Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласуыңызды сұраймыз.