Қыстық немесе жазғы маусымдық рейстер кестесіне өту кезінде, егер ұшу уақыты 1 сағаттан астам өзгертілсе (рейс 1 сағатқа ерте немесе кеш ұшады) не рейс тоқтатылған жағдайда, авиакомпания келесіні ұсынады:
• Қайта брондау айыппұлсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте авиабилетті қайта рәсімдеуге тек таяудағы 2 күнде (кешіктірілген рейске дейін 2 күн немесе кешіктірілген рейстен кейін 2 күн) ұшатын рейстерге не кесте бойынша келесі рейске (егер 2 күн шегінде ұшатын рейс болмаса) ғана рұқсат етіледі, сондай-ақ ұшудың ұқсас уақыты бойынша жақын арадағы рейске қайта броньдауға рұқсат етіледі (кідіртілген рейске қарамастан 2 күн шегінде басқа рейстердің болуына);
• Егер авиабилет жолаушының келісімімен және растауымен келесі рейстерге/күндерге 1 рет өзгертілсе, келесі өзгерістер (күндер) тарифті қолдану қағидалары бойынша жүргізіледі;
• Егер жолаушы өзгертілген рейстің ұшу уақытына дейін жүгінген болса, бір қайта брондаудан кейін де толық қайтаруға рұқсат етіледі;
• Тіркеу іс жүзінде жабылғаннан кейін жолаушы жүгінген кезде авиабилетті қайта брондау немесе қайтару рейске келмегені үшін қосымша ақымен жүзеге асырылады.