Рейс статусы

  • Рейс статусы

    • Таңдалған қала күні және уақыты ЖЕРГІЛІКТІ уақыт бойынша белгіленген.
    • Мәлімет әр 2 минут сайын жаңартылып отырады. 
    • «Уақытында» статусы жоспарланған ұшу немесе қону уақытынан 15 минуттен кеш емес болып анықталады.

    Рейс статусың тексеру үшін басыңыз.

    Құрметті жолаушы,

    Біз кейде әр түрлі себептерге байланысты сіздің рейсіңізге қатысты өзгерістер жасауымыз мүмкін. Себептер техникалық, ауа райы, форс-мажор жағдайларына қатысты және т.б. болуы мүмкін. Осындай жағдайлар салдарынан бізге кейбір рейстердің ұшу уақытын / күнін өзгертуге немесе тіпті рейсті тоқтатуға тура келеді.  Біз сізге өзгерістер туралы тез арада хабарлауға тырысамыз.

    Хабарландыруларды біз SMS арқылы және / немесе электрондық пошта арқылы бронда көрсетілген байланыс ақпараты арқылы жібереміз. Әдетте хабарландыру уақыты өзгерістердің қай кезде орын алғанына байланысты болады.  

    Біз сізге хабарландыруды уақытында жіберіп тұру үшін бізге төмендегідей көмектесуіңізді сұраймыз:

    1) Брондау орталығымыз бен билет сату кеңселеріміз арқылы немесе турагенттіктерде билетті брондау кезінде белсенді телефон нөміріңіз бен электрондық пошта мекенжайыңызды көрсетуіңізді сұраймыз. Біздің веб-сайтымызда брондау кезінде байланыс мәліметтерін екі рет тексеруіңізді сұраймыз.
    2) Электрондық поштағыз үнемі қолжетімді жерде болғаны абзал. Сондай-ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясынан келетін SMS және электрондық пошта хабарландыруларын тексеріп тұратыныңызға көз жеткізіңіз.

    Біз сіздің байланыс ақпаратыңызды сіздің айқын келісіміңізсіз маркетингтік мақсаттарда пайдаланбаймыз.