Қатысушы картасы

  • Пластикалық картаны қалай алуға болады?

    Nomad Club қатысушысының виртуалды картасы авиакомпания сайтындағы қатысушының жеке кабинетінде қолжетімді. Қатысушының пластикалық картасы бағдарламаның элиталық деңгейлерінің біріне — Алтын немесе Гауһар деңгейіне жеткеннен кейін автоматты түрде шығарылады. Элиталық деңгейдегі пластикалық картаны алу үшін қатысушының жеке кабинетінде жеткізу мекенжайының көрсетілгеніне көз жеткізу қажет. Карта автоматты түрде шығарылып, көрсетілген мекенжай бойынша 14 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

    Күміс деңгейіндегі картаны қалай алуға болады? 

    Күміс картасын алу үшін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 25 000 ұшу балын жинау немесе 30 ұшу сегментін орындау қажет. 1 ұшу сегменті = 1 ұшу. 

    Назар аударыңыз, 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап Күміс деңгейіндегі карталарды шығару тоқтатылды.

  • Картаны жоғалтты немесе бүлдірді. Картаның жарамдылық мерзімі аяқталды. Не істеу керек?

    Картаның жоғалуы, бүлінуі немесе жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, қалпына келтіру үшін Жеке кабинетте жеткізу мекенжайын алдын ала тексергеннен кейін сілтеме арқылы Nomad Club бөліміне сұрау жіберу қажет.

    Nomad Club ережесі бойынша карта Жеке кабинетте көрсетілген мекенжайға 2-4 апта мерзімде дайындалады және жеткізіледі.