Марапат билеттері

  • Марапат билетінің болуы

    Ұшу марапаттарына мезгілдік шектеулер жоқ. Алайда, әуекомпания ұшу марапаты орындарын кез келген ұшу бағыты және қызмет көрсету кластары бойынша шектеуге құқылы. Сондықтан, сатуға орындар болғанымен, Nomad Club марапат орындары болмауы ықтимал. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша ұшу марапатына тапсырысты алдын ала берген жөн.

  • Билет күнін өзгерткім келеді, қанша тұрады?

    Кез келген өзгеріс халықаралық бағыттар бойынша рейс ұшқанға дейін кемінде 3 тәулік бұрын және ішкі бағыттар бойынша рейс ұшқанға дейін 1 тәулік бұрын жүргізілуі тиіс. Жүлде билеті бойынша ұшу күнін өзгерту билетте көрсетілген рейс ұшқанға дейін және рұқсат етілген брондау сыныптарында бос орындар болған кезде бір рет қана тегін жүргізілуі мүмкін. Барлық кейінгі өзгерістер қатысушының шотынан 3 000 балл немесе 15 000 теңге айыппұлмен жүзеге асырылуы мүмкін. 

    Саяхат күнін өзгерту үшін ұшуға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын брондау және ақпарат орталығына, WhatsApp кеңесшілеріне, сондай-ақ жеке сату кеңселеріне (контактілер мен мекенжайлар) немесе көмек орталығына хабарласу қажет.

  • Балам, анам, әйелім және т. б. үшінші тұлға үшін ұпай баллына билет сатып ала аламын ба?

    Сіз жүлде билетін үшінші тұлғаға өз ұпайларыңыз есебінен онлайн әуәкомпания сайтында рәсімдей аласыз. Жүлде билетін есептік жазба арқылы ресімдеу кезінде ұшатын жолаушының деректерін енгізу қажет.

     

     

  • Бизнес-класта жүлде билетінің жолжүк нормасы қандай?

    Жолжүкті тасымалдау нормасы сіздің сатып алған билетіңізге байланысты.

    Бір жолжұктің салмағы билетті брондау класына байланысты өзгереді:

    Бизнес-класс - әрқайсысы 32 кг-ға дейін 2 жолжүк орны
    Жатын Эконом - әрқайсысы 23 кг-ға дейін 2 жолжүк орны

    Әрбір жеке жолжүк орнының жалпы мөлшері (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспауы тиіс, көлемдері осы нормадан асатын жолжүкті тасымалдау жарияланған тарифтерге сәйкес алдын ала расталуға және төленуге тиісті.

  • Жүлде билеттеріне қажетті ең аз ұпайлар саны?

    Жүлде билетін ресімдеу үшін ең аз ұпай саны-10 000. Сіз ұпайларды пайдалану кестесімен сілтеме арқылы таныса аласыз.

  • Мен жүлде билетін рәсімдегім келеді. Оны қалай жасауға болады?

    Жеткілікті ұпай жинаған қатысушылар оларды Nomad Club сыйақысына айырбастай алады. Сіз жүлделі әуе билетін немесе қызмет класын жоғарылата аласыз.

    Бағдарлама ережелеріне сәйкес сіз ұпайлар үшін жүлде билетін рәсімдей аласыз, бірақ сонымен қатар ұпайлар үшін жүлде билетінің құнына кірмейтін әуежай алымдарын төлеу қажет.

    Сіз жүлде билетін онлайн әуекомпанияның сайтында рәсімдей аласыз Nomad Club есептік жазбаға шолу - ұпайларды басқару - жүлде билеттерін брондау.