Nomad Club-бұл біздің авиакомпанияны таңдаудағы тұрақтылығы үшін жиі ұшатындарға Алғыс айту тәсілі.
Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін мына қарапайым қадамдарды орындаңыз:
1. Осы сілтеме бойынша өтіңіз.
2. Тіркеу нысанын толтырыңыз: аты-жөнін латын әріптерімен, жынысын , жеке электрондық мекенжайын, ұялы телефон нөмірін, туған күнін енгізіңіз, жеке кабинетке кіру үшін қолданылатын парольді көрсетіңіз. Сондай-ақ, Nomad Club бағдарламасының ережелері мен шарттарын қараңыз.
3. Тіркеуді аяқтау үшін Сіздің нөміріңіз бен электрондық поштаңызға код жіберіледі.
4. Кодты еңгізгеннен кейін тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайыңызға қатысушы нөмірі мен пароль жіберіледі. Деректер индивидуалды болуы керек. Бағдарламада электрондық мекенжай мен телефон нөмірі қайталанбауы тиіс.
Тіркелу 2 және одан жоғары жастан қол жетімді.
Nomad Club-қа тіркелу
-
Nomad Club бағдарламасына қалай тіркелуге болады?
-
Тіркелу кезінде барлық деректерді енгіздім, бірақ қате пайда болды, не істеу керек?
- Егер сіз бұрын бағдарламада тіркелген болсаңыз, қате болуы мүмкін.
Бұл жағдайда сіз Nomad Club қолдау қызметіне жазбаша сауал жіберіп, Print screen қателерін жіберуіңіз керек.
- Сіз көрсеткен электрондық поштаны/телефон нөмірін басқа қатысушы пайдаланып жатқандықтан, тіркелу мүмкін емес болуы мүмкін.
Бағдарламада әр қатысушының өзінің электронды поштасы және телефон нөмірі бар.
- Ешқандай қателер жоқ, сайт тіркелуге мүмкіндік бермейді.
Егер бұрын тіркелген болсаңыз сайт сізге тіркелуге мүмкіндік бермейді. Бірдей енгізілген деректер анықталды, сондықтан қайта тіркелу мүмкін емес. Бұл жағдайда сізге Nomad Club-қа жазбаша өтінішпен жеке куәліктің/паспорттың сканерленген екі жақты көшірмесін жіберу керек.
-
Тіркелу кезінде парольді қабылдамайды
Егер Сіз арнайы таңбаларды пайдалансаңыз, сайт құпия сөзіңізді қабылдамайды. Латын әріптері, кемінде бір бас әріп және сандардан тұратын құпия сөзді пайдалануды ұсынамыз. Мысалы: Airastana2022
-
Бұрын тіркелгенмін, бірақ қатысушының нөмірі есімде жоқ, не істеу керек?
Бағдарламаға қатысушыны сәйкестендіру үшін сізге Nomad Club-қа жеке куәліктің сканерленген екі жақты көшірмесін қоса отырып, жазбаша сауал жіберу қажет.
-
Менің балам 5 жаста, оны қалай тіркеуге болады?
Тіркелу компанияның сайтында қарапайым қатысушылардағыдай онлайн жүргізіледі. Егер бала 2 жастан асқан болса, бағдарламаға қатысуға болады. Бағдарламада әр қатысушының өзінің электрондық поштасы және телефон нөмірі болуы тиіс. Сізде басқа қатысушылар қолданатын электрондық поштаны/телефон нөмірін қолдануға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, бала үшін жаңа электрондық пошта мекенжайын қолдану керек/басқа қатысушылар пайдаланбайтын электрондық поштаны көрсету қажет (телефон нөмірімен бірдей жағдай).
-
Бір Nomad Club жеке кабинетіне бірнеше адамды тіркеуге болады ма?
Өкінішке орай, Nomad Club бағдарламасында бірыңғай топтама жоқ (отбасылық және т.б.).
Әр жолаушының жеке 1 шоты болуы керек. Ұпайларды тек жеке билеттеріңізге және тек сіздің шотыңызға еңгізуге болады.
-
Тіркеуді қалай жоюға болады?
Nomad Club бағдарламасындағы аккаунтты сайтта өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі тіркелгі параметрлеріне өту арқылы жоя аласыз.
-
Бұрын тіркелгенмін, бірақ құпия сөз есімде жоқ, не істеу керек?
Сізде жеке кабинетке кіруді әуе компанияның ресми сайтында қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
Әрі қарай жеке кабинетте көрсетілген электрондық поштаңызға жеке кабинетке кіруді қалпына келтіру үшін сілтеме жіберіледі.
Егер сізде көрсетілген электрондық поштаға кіру мүмкіндігі болмаса, сізге Nomad Club-қа жазбаша сұрау жіберу қажет, оған жеке куәліктің/паспорттың сканерленген екі жақты көшірмесі мен жеке деректерді жаңарту үшін нақты электрондық поштаны жіберу керек.
-
Құпия сөзді қалай қалпына келтіруге болады?
Сіз компанияның веб-сайтында жаңа құпия сөзді орнату арқылы жеке кабинетке кіруді қалпына келтіре аласыз.
Әрі қарай жеке кабинетте көрсетілген электрондық поштаңызға жеке кабинетке кіруді қалпына келтіру үшін сілтеме жіберіледі.
-
Пластикалық картаны қалай алуға болады?
Бағдарламаға тіркелу кезінде картаны жеткізу мекенжайын көрсетуіңіз керек.
Карта бағдарламадағы элит деңгейлерінің бірі – Күміс, Алтын және Гауһар деңгейіне өткеннен кейін шығарылады және 14 жұмыс күні ішінде автоматты түрде мекенжайыңызға жіберіледі.