Қазақстан бойынша әуе сапарлары үшін қабылданатын жеке басты куәландыратын құжаттар:
Төлқұжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті).
Жеке куәлік (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ЖСН көрсетілуі міндетті).
Шетел азаматына Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ЖСН көрсетілуі міндетті).
Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі.
Босқынның куәлігі.
Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).
Қазақстан Республикасының дипломатиялық төлқұжаты.
Қазақстан Республикасының қызметтік төлқұжаты.
Қазақстан Республикасының теңізшінің жеке куәлігі.
Оралу туралы куәлік.
Жол жүру құжаты.