Онлайн-тіркелу

  • Қандай рейстер үшін онлайн-тіркелу қызметі қолжетімді?

    Отырғызу талонын басып шығару мүмкіндігі бар онлайн-тіркелу келесі бағыттарда ашық:

    • Қазақстан бойынша ұшатын рейстер үшін;
    • Қазақстаннан Ыстамбулға (IST), Бішкекке (BSZ), Тбилисиге (TBS), Анталияға. (AYT) (чартерлік рейстерден басқа), Мале (MLE)(чартерлік рейстерден басқа), Ташкентке (TAS), Бакуге (GYD), Душанбе (DYU) қалаларына; 
    • Амстердамнан (AMS), Дубайдан (DXB), Бакуден (GYD), Франкфурттан (FRA), Лондоннан (LHR), Бішкектен (BSZ), Ыстамбулдан (IST), Тбилисиден (TBS) Қазақстанға.

    Отырғызу талонын басып шығару мүмкіндігі жоқ онлайн-тіркелу келесі халықаралық бағыттарда ашық:

    • Қазақстаннан Амстердамға (AMS), Франкфуртқа (FRA), Лондонға (LHR) (онлайн режимінде орын ауыстыру мүмкіндігі жоқ), Бангкокқа (BKK), Пхукетке (HKT), Дубайға (DXB), Делиге (DEL), Пекинге (PEK), Сеул (ICN), Джиддға (JED), Үрімжі (URC), Медина (MED), Абу-Даби (AUH), Фукуок (PQC) қалаларына;
    • Сеул (ICN), Мале (MLE), Анталия (AYT) (чартерлік рейстерден басқа), Ташкент (TAS), Бангкок (BKK), Пхукет (HKT), Пекин (PEK), Дели (DEL), Джидда (JED), Үрімші (URC), Душанбе (DYU), Фукуок (PQC) қалаларынан Қазақстанға.

    Чартерлік рейстерде онлайн-тіркелу толығымен жабық.

    Мобильді тіркелу келесі бағыттар үшін ашық:

    • Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Қостанай қалаларынан Қазақстанның басқа қалаларына;
    • Тбилиси, Бішкек, Стамбул, Дубай, Амстердам, Франкфурт, Лондоннан Қазақстанға;
    • Алматыдан Бішкек, Ыстамбұлға, Мале, Ташкентке, Тбилисиге, Душанбе және Бакуге.

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Рейске онлайн-тіркелу қанша уақытқа созылады?

    Онлайн-тіркеу 36 сағат бұрын ашылады және ұшудан 60 минут бұрын аяқталады.

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Ұшуға дейін қанша уақыт бұрын жолжүкті тапсыруға болады?

    Сіз жолжүкті рейске тіркелу ашылған кезде тапсыра аласыз. Тіркеудің аяқталу уақыты ұшуға 40 минут қалғанда, ал кейбір халықаралық әуежайларда 60 минут қалғанда жабылады. Әуежайларда рейске онлайн тіркеліп қойған және тек жолжүкті тапсырғысы келетін жолаушыларға арналған арнайы тіркеу орындары бар. Соңдай-ақ, сіз Air Astana кез келген тұрақты тіркеуін пайдалана аласыз.

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Онлайн тіркеуден өте алмаймын. Маған кім көмектесе алады?


    Сайтта енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру керек.
    Бұл әуежайда онлайн тіркелу мүмкіндігі жоқ шығар.
    Сіз жетелеушісі жоқ баланы немесе зембілдегі жолаушыны тіркеуге тырысып жатырған шығарсыз. Бұл жағдайларда онлайн тіркеу өту мүмкіндігі жоқ.

    Егер сіз онлайн тіркеле алмасаңыз, оны әуежайда тіркеу орындарында жасауды сұраймыз. Кейбір әуежайларда (бүгінгі таңда бұл Алматы, Астана қалаларының әуежайлары) өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалануға болады.

     

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Мен ауысып отырумен (транзитпен) ұшамын. Мен барлық рейстерге бірден онлайн-тіркеуден өте аламын ба?

    Егер сіз Air Astana рейстерімен сапар жасасаңыз, онда бұл мүмкін. Кейбір рейстерге отырғызу талонын шығаруға шектеулер бар, бірақ тіркеудің өзі қол жетімді.

  • Мен өзімнің жүгімді онлайн тіркегім келеді. Бұл мүмкін бе?

    Онлайн тіркеуден өту кезінде қосымша багаж орындарының санын көрсетуге болады. Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Менің ұлым (қызым) жетелеушісі жоқ бала ретінде ұшады. Мен оны онлайн режимінде тіркей аламын ба?

    Жетектеушісі жоқ баланы рейске тек әуежайда, ұшар алдында ғана тіркеуге болады.
    Бұл санатқа келесі жолаушылар да кіреді:

    қосымша орны бар жолаушылар;
    зембілдегі жолаушылар.

  • Мен онлайн-тіркеуден өттім, бірақ отырғызу талонын басып шығара алмаймын

    Егер сіз азаматтардың келесі санаттарының біріне жатсаңыз, отырғызу талонын басып шығару мүмкін емес:

    балалары бар жолаушылар;
    жастар тарифі бар жолаушылар;
    егде жастағы адамдар үшін тарифі бар жолаушылар;
    авиакомпанияның алаяқтықтың алдын алу процедураларымен келіскен жолаушылар;

    апаттық шығу есігі жанындағы орындарға тіркелген жолаушылар;
    сондай-ақ, брондауда арнайы сұранысы бар барлық жолаушылар үшін.

     

    Кейбір халықаралық рейстерде бұл функция әлі де шектеулі.

     

    Чартерлік рейстерге онлайн тіркеу толығымен жабық

     

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Онлайн тіркеуден қалай бас тартуға болады?

    Онлайн тіркеуді өзіңіз біздің ресми сайтымызда шеше аласыз. Бас парақшада «Брондау және басқару» – «Басқару» – «Онлайн тіркелу» парақшасын ашып немесе келесі сілтеме бойынша өтіп Онлайн тіркеу тіркеуді жоя аласыз.
    Жолаушы ұшпай қалған жағдайда онлайн тіркеу рейс ұшқаннан соң автоматты түрде шешіледі.

  • Онлайн тіркеу қашан ашылады?

    Онлайн-тіркелу кесте бойынша ұшудан ең көп дегенде 36 сағат бұрын және ең аз дегенде 1 сағат бұрын қолжетімді.

    Сілтеме арқылы онлайн тіркелуге өте аласыз.

  • Онлайн тіркеу қызметі қанша тұрады?

    Жолаушыларға стандартты орындарды тегін таңдау беріледі, ал арнайы орындарға (My seat) қосымша төлем алынады.