Иә, борттағы кейбір орындар тегін брондау үшін қол жетімді. Егер сіз ыңғайлы орналасқан және аяққа арналған үлкен кеңістігі бар орындарды брондағыңыз келсе, Сіз MySEAT қызметін пайдалана аласыз және Air Astana барлық бағыттары бойынша 11000 теңгеден басталатын ыңғайлы орынды брондай аласыз. Бұл қызмет туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бизнес-класс
-
Борттағы қалаған орынды бизнес-класс билетімен тегін брондауға бола ма?
-
Бизнес-лаундждарда қандай қызметтер ұсынылады?
Бизнес-залдарда көрсетілетін қызметтер
Бизнес-залдарда көрсетілетін қызметтер әуежайға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ жалпы алғанда келесілер қамтылады:
- жоғары жылдамдықты Wi-Fi;
- әртүрлі жеңіл тамақтар мен сусындар (швед үстелі форматында);
- демалуға арналған жайлы дивандар.
The Shanyraq бизнес-залы және серіктес залдар туралы толығырақ ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
-
Бизнес-класс жол жиынына не кіреді?
Бизнес-класс жолаушыларына шұлықтар, ауыз қуысының гигиенасы жиынтығы, құлаққаптар, ұйқыға арналған маска, дезинфекциялық майлық, қол кремі, қалам және тарақ кіреді.
-
Шанырақ бизнес-залының қызметтерін кім пайдалана алады?
Бизнес-лаунджға шақыру билетінің, бизнес-класс отырғызу талонының және Nomad Club "алтын" немесе "бриллиант" карталарының иелері тегін кіре алады.
-
Мен әуе билетттегі қызмет көрсету класын онлайн көтере аламын ба?
Қызмет көрсету класын онлайн түрде көтеру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- Әуе компаниясының сайтындағы басты бетте орналасқан Басқару опциясы арқылы;
- MyUpgrade опциясы арқылы ставка қою арқылы.
Air Astana сайтынан билет брондаған жолаушыларға бизнес-классқа ауысуға өтінім беруге мүмкіндік туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Бұл қызмет бос орындар саны жеткілікті болған жағдайда және сәйкес рейске, күнге бронь расталғанда қолжетімді. Хабарлама әуе компаниясының сайтында брондау рәсімделгеннен кейін, егер билет ұшуға кемінде 48 сағат қалғанда сатып алынған болса, жіберіледі.
Сондай-ақ, берілген сілтеме арқылы өтіп, жолаушының тегі мен бронь нөмірін енгізіп, өз ұсынысыңызды қалдыра аласыз.
Егер сіздің өтініміңіз қабылданса, біз сізді ұшуға дейін хабардар етіп, бизнес-класстағы орынмен жаңа электрондық билет ұсынамыз.
-
Зембілдегі жолаушы бизнес-класта ұша ала ма?
Өкінішке орай, бизнес-класта зембілмен жолаушылар тасымалданбайды.
Зембілмен тасымалдау туралы ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді.
-
Мен бизнес-класста ұшамын. Тағамға қалай тапсырыс беруге болады?
Сіз бизнес-класс немесе эконом-класс рейсімен ұшсаңыз да, дәмді әрі пайдалы тағамдар мен әсем безендірілген мәзір сізді қуантады. Бизнес-класта ұсынылатын тағам туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыз.
Егер сіздің арнайы тағамға қатысты қалауларыңыз болса, оны тегін тапсырыс беруге болады. Ол үшін ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын Брондау және ақпарат орталығына телефон арқылы, WhatsApp арқылы, өз қалаңыздағы сату кеңсесіне хабарласу арқылы немесе Air Astana сайты мен мобильді қосымшасындағы «Брондауды өзгерту» бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ тікелей сұраныс жіберуге мүмкіндік бар.
Ескерту: арнайы тағамдардың қолжетімділігі ұшу бағытына байланысты өзгеруі мүмкін.