Өзімен бірге тасымалдауға тек Жеке Оттегі Концентраторы (ЖОК) рұқсат етіледі. Концентраторды тасымалдауға өтінішті ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын беру қажет, ЖОК әуе бортында қолданылса да, қолданылмаса да.
Егер ЖОК ұшу барысында қолданылса:
- Құрылғыны бортта қуаттауға тыйым салынады.
- Жолаушы бүкіл маршрутқа, ықтимал кідірістерді қоса, жеткілікті қуатталған аккумуляторды өз бетінше қамтамасыз етуі тиіс.
- Жолаушы және/немесе ілесіп жүрген адам ЖОК-ті өздігінен пайдалана білуі қажет.
- ЖОК тегін багаж нормасына кірмейді, бірақ тегін тасымалданады.
Егер ЖОК ұшу барысында қолданылмаса:
- Аккумуляторлар алынуы және бөлек оралуы тиіс.
-Құрамында кіріктірілген батареялар болған жағдайда — металл заттармен жанасуды болдырмау үшін клеммалары мықтап оқшаулануы тиіс.
- ЖОК бос (оттегісіз) және қысымсыз болуы қажет.
- Бұл жағдайда құрылғы багаж нормасына кіреді.
Ұшақ билетін брондау кезеңінде ЖОК бар екенін алдын ала әуе компанияға хабарлап, тасымалдау шарттарын нақтылауды ұсынамыз.