Ұшақ бортындағы тәртіп ережелері

  • Бортта электронды темекі шегуге бола ма?

    Жоқ, Air Astana әуе компаниясының рейстерінде темекінің кез келген түрін шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салуды бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады.

  • Егер мен ұшақта қақтығыс жағдайын жасасам не болады?

    Қалған жолаушылар үшін ыңғайсыз және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін жағдайлар жасалған кезде әуе компанияның жолаушыны құқық қорғау органдарына беруге және жолаушының тасымалдаушының қызметтерін одан әрі пайдалану мүмкіндігін шектеуге құқығы бар.

  • Электрондық темекіні тасымалдауға бола ма?

     

    Батареямен жұмыс істейтін темекі шегуге арналған портативті электронды құрылғылар, оның ішінде электронды темекілер, электронды сигаралар, электронды трубкалар, дербес буландырғыштар және никотин тасымалдаудың электронды жүйелері тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс және кездейсоқ қосылуды болдырмау үшін жеке қорғанысы болуы қажет.


    Электрондық темекі мен буландырғыштар кездейсоқ активтенуден қорғалуы керек. Халықаралық тасымалдау жағдайында әуежайдың Шекара қызметінде ұшып шыққан елге/елден электрондық сигареттерді әкелу және әкету қағидаларын нақтылауды сұраймыз. Мысалы, Үндістан Республикасы Азаматтық Авиация Министрлігінің талаптарына сәйкес электрондық сигареттер мен никотинді электрондық жеткізу жүйелерін (ENDS) әкелудің және әкетудің барлық нысандарына жолаушылардың қол жүгін қоса алғанда, багаждың барлық түрінде тасымалдауына, сондай-ақ жүк ретінде тасымалдауына толық тыйым салынған.

  • Электрондық құрылғыларды бортта пайдалануға бола ма?

    Ноутбуктер, бейнекамералар және плеерлерді ұшақты басқару, ұшу және қону кезінде қолдануға болмайды.

    Ұялы телефондар мен смартфондар есіктер жабылғаннан кейін бірден өшірілуі тиіс және бүкіл ұшу уақыты бойы өшірулі қалуы немесе "Ұшу"режиміне қойылуы қажет.

    Радиоқабылдағыштар, портативті теледидарлар, қашықтан басқарылатын ойыншықтар, сондай-ақ смартфондарға арналған сыртқы аккумуляторлар (power bank) бортта болған уақыттың барлығында қолданылмайды.

    Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бортта пауэрбанктерді пайдалануға немесе зарядтауға қатаң тыйым салынады. Сізден пауэрбанктер мен электронды темекілерді бүкіл ұшу барысында бақылауда ұстауды сұраймыз.
    Егер қызып кету, түтін, ерекше иіс секілді қандай да бір белгілерді байқасаңыз, дереу бортсерікке хабарлаңыз.

  • Қауіпсіздік белдіктерін тағу міндетті ме?

    Иә, қауіпсіздік белдіктерін бекіту міндетті болып табылады.

    Жолаушы белдікті тағудан бас тартқан жағдайда, Air Astana әуе компаниясының қызметкерлері жолаушыға соңғы пунктке дейін тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

  • Ұшу кезінде орын ауыса аламын ба?

    Жоқ, біз жолаушылардан отырғызу талонына сәйкес орын алуды сұраймыз.