Борттағы мінез-құлық ережелері

  • Авиакомпанияның мүлкін борттан алуға бола ма?

    Авиакомпанияға тиесілі мүлікті бүлдіргені және оны ұшақ бортынан шығарғаны үшін ақшалай айыппұл салынады.

  • Бортта электронды темекі шегуге бола ма?

    Жоқ, Air Astana әуе компаниясының рейстерінде темекінің кез келген түрін шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін қомақты айыппұл салынады.

  • Егер мен ұшақта қақтығыс жағдайын жасасам не болады?

    Қалған жолаушылар үшін ыңғайсыз және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін жағдайлар жасалған кезде авиакомпанияның жолаушыны құқық қорғау органдарына беруге және жолаушының тасымалдаушының қызметтерін одан әрі пайдалану мүмкіндігін шектеуге құқығы бар.

  • Электрондық темекіні тасымалдауға бола ма?

    Иә, тек қол жүгінде ғана болады.
    Электрондық темекі мен буландырғыштар кездейсоқ активтенуден қорғалуы керек. Халықаралық тасымалдау жағдайында әуежайдың Шекара қызметінде ұшып шыққан елге/елден электрондық сигареттерді әкелу және әкету қағидаларын нақтылауды сұраймыз. Мысалы, Үндістан Республикасы Азаматтық Авиация Министрлігінің талаптарына сәйкес электрондық сигареттер мен никотинді электрондық жеткізу жүйелерін (ENDS) әкелудің және әкетудің барлық нысандарына жолаушылардың қол жүгін қоса алғанда, багаждың барлық түрінде тасымалдауына, сондай-ақ жүк ретінде тасымалдауына толық тыйым салынған.

  • Электрондық құрылғыларды бортта пайдалануға бола ма?

    Ноутбуктер, бейнекамералар, плеерлер рульдеу, ұшу және қону кезінде пайдаланылмауы тиіс.
    Ұялы телефондар мен смартфондар есіктер жабылғаннан кейін бірден ажыратылып, ұшу уақытында өшірілуі немесе "Ұшу"режиміне ауысуы керек.
    Радио, портативті теледидарлар, қашықтан басқарылатын ойыншықтар бортта болған барлық уақыт ішінде пайдаланылмауы тиіс.

  • Қауіпсіздік белдіктерін тағу міндетті ме?

    Жолаушы белдікті тағудан бас тартқан жағдайда, Air Astana авиакомпаниясының қызметкерлері жолаушыға соңғы пунктке дейін тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

  • Ұшу кезінде ауыса аламын ба?

    Жоқ, біз жолаушылардан отырғызу талонына сәйкес орын алуды сұраймыз.