Қауіпті жүктер

  • Қаруды тасымалдау шарттары қандай?

    Қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдау үшін алдын ала келісу және қосымша ақы төлеу талап етіледі.

    Қаруды тасымалдауға сұраныс ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей қойылады. Растау үшін мына форманы толтыруыңыз қажет немесе авиабилеттерді сату жөніндегі агенттік арқылы сұрау салуды рәсімдеу қажет. Қаруды тасымалдауға арналған сұрау салуда:

    • қарудың сипаттамасы мен санын;

    • моделін;

    • патрондардың сипаттамасы мен салмағын;

    • броньдау немесе билет нөмірін көрсету қажет.

    Қару зарядталмауы керек. Оқ-дәрілер тек жеке пайдалануға, спорттық және (немесе) аңшылық мақсаттарға арналуға тиіс.

    Әрбір жолаушыға оқ-дәрілердің жалпы салмағы 5 кг-нан аспайды (өлшеу қажет).

    Оқ-дәрілер сенімді түрде оралып, стандартты сауда қаптамасында болуы керек. Әуежайда барлық формальдылықтарды уақтылы өту үшін жолаушылар онлайн тіркеудің болуына қарамастан, рейс ұшқанға дейін 2 сағат бұрын тіркеуге келуі керек. Жарылғыш және отты оқ-дәрілерді тасымалдауға тыйым салынады.

    Толығырақ осында.

  • Қаруды тасымалдау қанша тұрады?

    Ақы төлеу бір жиынтық үшін жүргізіледі: тыстағы/ құтыдағы қарудың 1 бірлігі + оқ-дәрілері бар 1 қаптама.

    Сіздің саяхат бағытыңыз бойынша тарифтер осы жерде көрсетілген.

  • Қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға бола ма?

    Атыс қаруын, қару үлгілерін, қанжарларды, жиналмалы пышақтарды және басқа да агрессивті көрінетін заттарды тек тіркелген багажда тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Қаруды тасымалдау шарттарымен мына жерде танысуыңызды сұраймыз.

  • Электрондық темекіні тасымалдауға бола ма?

    Батареялары бар электрондық сигареттер (электрондық сигареттерді, түтікшелерді, жеке пайдалануға арналған басқа да буландырғыштарды қоса алғанда) тек қол жүгімен тасымалдануы тиіс. Электрондық сигареттерді халықаралық бағыттар бойынша тасымалдаған жағдайда, электрондық сигареттерді әуежайдың Шекара қызметінде ұшып шыққан елге/елден әкелу және әкету қағидаларын нақтылауды сұраймыз. Мысалы, Үндістан Республикасы Азаматтық Авиация Министрлігінің талаптарына сәйкес электрондық сигареттер мен никотинді электрондық жеткізу жүйелерін (ENDS) әкелудің және әкетудің барлық нысандарына жолаушылардың қол жүгін қоса алғанда, багаждың барлық түрінде тасымалдауына, сондай-ақ жүк ретінде тасымалдауына толық тыйым салынған.

  • Қосалқы батареяларды тасымалдау ережелері қандай?

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосалқы литий батареяларын, оның ішінде сыртқы батареяларды (қуат банктері), олардың элементтерін тек қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етіледі. 

    Қосалқы батареялар кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Қосалқы батареялар жеке қорғалуы керек және өндірушінің бастапқы қаптамасында болуы керек немесе қысқа тұйықталуды болдырмау үшін олардың терминалдары оқшауланған болуы керек.

    Егер сіздің батареяларыңыз жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда алдын-ала рұқсат қажет. Растау үшін мына форманы толтыруыңыз қажет.

  • Орнатылған батареяларды тасымалдау ережелері қандай?

    Құрамында литий немесе литий-ион элементтері бар портативті электрондық құрылғылар (сағаттар, калькуляторлар, фотоаппараттар, телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Егер сіздің батареяларыңыз жоғарыдағы кестеге сәйкес келмесе, онда алдын-ала рұқсат алу қажет. Рұқсат алу үшін форманы толтыру қажет.

  • Моторлы көлік құралдарын (гироскутер, моноколесо) өзіңізбен бірге алып жүруге бола ма?

    Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес литий батареяларымен жұмыс істейтін шағын жеке моторлы көлік құралдарын тасымалдау, мысалы:

    • hoverboard (гироскутер),
    • mini-segway (мотокат, сегвей, өздігінен сырғанайтын),
    • airwheel (бір дөңгелекті гироскутер),
    • solowheel (моноколесо),
    • balance-wheel (шағын электрлік моноцикл)

    Air Astana әуе компаниясының борттарында жүктің барлық түрлерінде тыйым салынған.

  • Қандай қауіпті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруге тыйым салынады?

    Air Astana әуекомпаниясының рейстерінде жарылыс қауіпті заттарды, сығылған газдарды (аэрозольдерді), тез тұтанатын сұйықтықтарды, құрамында оттегі көп заттарды, мысалы тотықтар мен ағартқыш ұнтақтар, сондай-ақ улы, радиоактивті, коррозиялық, зиянды, иісті, тітіркендіргіш заттар, сондай-ақ магниттік материалдар тасымалдауға тыйым салынады.