Nomad Club мүшелері билетке жұмсалған сомаға байланысты ұпай жинай алады, сондай-ақ ұпайларды жұмсауға шектеулермен марапатталған рейстерді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Nomad Club мүшелері билетке жұмсалған сомаға байланысты ұпай жинай алады, сондай-ақ ұпайларды жұмсауға шектеулермен марапатталған рейстерді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
2024 жылдың 17 мамырына дейін жасалған рейстер үшін барлық ұпайлар автоматты түрде қатысушының теңгеріміне аударылады.
Nomad Club - Күміс, Алтын және Гауһар - элит деңгейлерінінің қазіргі артықшылықтарында ешқандай өзгерістер болмайды.
Элит дәрежелеріне жетуге қойылатын талаптарда қайндай өзгерістер болады?
Элит дәрежелеріне жету талаптарында ешқандай өзгерістер жоқ.
Барлық өзгертулер автоматты түрде жасалады: сізден ешқандай әрекет қажет емес. Жеке кабинетіңізге кіріп, әдеттегідей пайдалана аласыз.
Жеке кабинетіңіз айтарлықтай жақсартылып, сіздің тұтынушы ретінде онлайн функционалдарды қолдануыңыздан алатын әсеріңіз жағымды бола түседі. Nomad Club-тың барлық функциялары бір рет басу арқылы қол жетімді болады: брондау кезінде жеке деректерді автоматты түрде толтыру, банк карталарын және сізбен бірге жиі сапар шегетін серіктеріңіздің мәліметін сақтау, Nomad Club виртуалды картасын қосу және т.б.
Өзгерістер 2024 жылдың 17 мамырынан бастап күшіне енеді.
Nomad Club бағдарламасындағы берілетін Nomad-ұпайлар мен мильдер саны билеттегі тарифке төленген сомаға байланысты. 2024 жылдың 17 мамырынан кейінгі бір бағыттағы ұшуларға Nomad-ұпайлар мен мильдер саны билеттегі тариф бағасына сай есептеледі. Біздің қатысушыларымыз Air Astana тұрақты рейстері бойынша саяхаттар үшін ұпайлар мен миль алады.
Төленген сомаға негізделген ұпайларды жинаудың, екі қала арасындағы қашықтық негізінде жинаудан артықшылықтары қандай?
Ұпайларды жинаудың жаңа әдісі бойынша белгілі бір рейсіңіз үшін берілетін ұпайлар санын есептеу оңай. Бұл схема көбірек ашықтықты қамтамасыз етуге және біздің қатысушалырымыздың саяхаттан алатын әсерін арттыру үшін жасалған.
Ескі әдісте ұшуларға Nomad-ұпайлар мен мильдер саны екі қаланың арасындағы қашықтық негізінде берілетін. Жаңа әдісте Nomad ұпайлары салықтар мен қосымша төлемдерді есепке алмағанда, билетте жұмсалған жол ақысына қарай есептеледі.
Ұпайлар салықтар мен қосымша төлемдерді қоспағанда, билеттегі тариф сомасына беріледі.
Ішкі рейстер үшін берілетін Nomad-ұпайлар саны: Зона -1* және Зона -2* аймағы ішіндегі ұшулар үшін жұмсалған әрбір 1000 теңге үшін он бес 15 Nomad-ұпай және миль. Зона -1 және Зона-2 арасындағы ұшулар үшін жұмсалған әрбір 1000 теңге үшін жиырма 20 Nomad-ұпай және миль. Халықаралық рейстер үшін жұмсалған әрбір доллар (USD) үшін үш 3 Nomad-ұпай мен миль жинай аласыз.
Ішкі әрбір рейске ең жоғарғы ұпай жинау шегі 3000 ұпай және халықаралық әрбір рейске 5000 ұпай. Бір рейс аялдамалар мен бірнеше сегменттерді қамтуы мүмкін.
*Зона 1: Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Тараз
**Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал
Ұпайларды тек Air Astana орындайтын тұрақты рейстерде сапар шеккенде ғана жинай аласыз.
Жаңа әдіс бойынша ұпайлар жинау серіктес әуекомпаниялардың рейстеріне қолданылады ма?
Nomad ұпайлары серіктес әуекомпаниялар орындаған рейстерге берілмейді.
FlyArystan рейстерінде ұпайлар жинау мүмкін емес.
Біздің қатысушыларымыз билет бланкіне қарамастан Air Astana орындайтын рейстер үшін Nomad ұпайларын жинайды.
Nomad Club ұпайларын тек Air Astana орындайтын тұрақты рейстерінде ғана жинауға болады.
SPA және интерлайн билеттерінде тариф сомасы көрсетілген жағдайда, төленген сомаға негізделген ұпайлар жинау мүмкіндігі бар. IT тарифтері бойынша жазылған билеттерге ұпайлар бұрынғы әдіс негізінде жиналады.
Төленген сомаға негізделген ұпайлардың жалпы саны, ішкі рейстер үшін билетте көрсетілген валютаның, билетті сатып алынған күніндегі бағамы бойынша қазақ теңгесіне (KZT) айырбасталған және халықаралық рейстер үшін долларға (USD) айырбасталған сома бойынша есептеледі.
Бағдарламаның ережелері мен шарттары бойынша, қатысушы Nomad мильдері мен ұпайларын билет бойынша ұшу орындалғаннан кейін ғана алады.
Ұпайлар әуебилетін кім сатып алғанына қарамастан, әуебилетінде көрсетілген тұлғаға ғана беріледі. Сатып алынған, бірақ пайдалынылмаған әуебилеті үшін ұпайлар берілмейді.
Қосымша қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін Nomad ұпайлары берілмейді.
Қатысушылар Nomad Club мильдері және ұшу сегменттерін тек рұқсат етілген әуебилеттер бойынша ғана жинай алады. Мильдер, ұшу сегменттері және Nomad ұпайлары тегін және марапатталған билеттерге, жеңілдікпен сатып алынған билеттерге, қызмет көрсету билеттеріне, туристік агенттік/салалық жеңілдік билеттеріне, чартерлік билеттерге, G сыныбында брондалған топтық билеттерге және арнайы шарттармен берілген билеттерге берілмейді. Мына кластар бойынша ұпайлар есептелмейді: I, R, U, X, N, G, O.
Кез келген жолмен қызмет көрсету класын жоғарылатқан билеттермен саяхаттаған мүшелер сатып алынған бастапқы эконом класс билеті негізінде ұпай алады.
Қатысушы рейсті брондау кезінде өзінің Nomad Club қатысушы нөмірін енгізуі керек немесе рейске тіркеу кезінде физикалық немесе цифрлық картаны көрсетуі керек.
Қатысушы Nomad мильдері мен ұпайларының санын airastana.com сайтындағы Жеке кабинеттен немесе электрондық поштаға жіберілетін ай сайынғы есеп-шот көшірмесінен көре алады. Ыңғайлы болу үшін қатысушы Air Astana мобильді қосымшасын жүктеп, қалаған уақытта өз жеке кабинетіне қол жеткізе алады.
2024 жылдың 17 мамырына дейінгі саяхаттарыңыз үшін ескі әдіс бойынша, қалааралық қашықтыққа байланысты есептеледі.
Сіз Nomad ұпайларын 2024 жылдың қазан айында ұшқаннан кейін аласыз. Ұпайлар төленген сома негізінде есептеледі. Ұпайлар сатып алу күніне емес, ұшу күніне қарай беріледі.
Орындалмай қалған ұшулар үшін ұпайлар мен мильдер берілмейді. Рейс өзгертілген жағдайда немесе ұшуды Air Astana әуекомпаниясының бастамасы бойынша, өзге серіктес әуекомпания жүзеге асырса, ұпайлар мен мильдер бастапқы Air Astana әуебилетіне сәйкес есептеледі.
Сізге ыңғайлы болу үшін ұпайларды жарату қызметі біздің жаңа веб-сайттың басты бетінде қолжетімді. Бұл функцияға оңай қол жеткізе алатыныңызды білдіреді. Бұдан былай марапат билеттерін алу үшін үш түрлі ұпай саны талап етіледі.
Қатысушылар cаяхат күніне байланысты аз ұпайға марапат билеттерін таңдай алады. Бұл ұпайларыңызды пайдалану, саяхатты жоспарлау кезінде сізге көбірек ыңғайлылық пен еркіндік береді.
Қосымша қызметтерді төлеу үшін Nomad ұпайларын пайдалану мүмкіндігін енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұпайларыңызды тіркеу орындарында MySEAT қызметін сатып алу үшін пайдалана аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар бөліміндегі ақпарат жарияланған уақытта өзекті болып табылады.
Air Astana өз қалауы бойынша кез келген уақытта алдын ала ескертусіз жиі қойылатын сұрақтарға қатысты кез келген құжаттарды өзгерту немесе түзету құқығын өзіне қалдырады.