Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Қол жүктеріндегі сұйықтықтарды тасымалдауға бола ма?

Көлемі 100 мл-ден асатын ыдыстағы сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді қол жүгінде алып жүруге тыйым салынады, оның ішінде:

  • су және басқа сусындар, сорпалар, шәрбаттар, джемдер, бұқтырылған ет, тұздықтар мен пасталар;
  • тұздық түріндегі немесе құрамында көп мөлшерде сұйықтық бар тамақ өнімдері;
  • кремдер, лосьондар, косметикалық құралдар және майлар;
  • әтірлер;
  • спрейлер;
  • гельдер, соның ішінде шашқа және душқа арналған гельдер;
  • қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін және дезодоранттарды қоса алғанда, қысымды ыдыстардың ішіндегілер;
  • пасталар, соның ішінде тіс пастасы;
  • қатты заттары бар сұйықтық қоспалары;
  • кірпікке арналған сүрме;
  • ерін жылтыратқышы.

 

Бұған жатпайтындар:

  • дәрілік препараттар;
  • ұшу кезінде қажетті балалар тағамы және арнайы диеталық өнімдер;
  • әуежайда немесе әуекемесінің бортында бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған сұйықтықтар.*

 

*сұйықтықтар ұшу кезінде сөмкенің мазмұнына қол жеткізуді визуалды сәйкестендіруді (сатып алынған тауардың түбіртегі) қамтамасыз ететін сенімді мөрленген (пломбаланған) пластик пакетке оралуы керек, онда бұл сатып алу әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінде немесе сапар күні (күндері) әуе кемесінің бортында жүргізілгені туралы сенімді растауы болуы керек.

Осы мақала пайдалы болды ма?