Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Қолжүкте дәрі-дәрмек алып жүруге болады ма?

Болады. Сонымен қатар, қатты түрдегі дәрі-дәрмектерге (таблеткалар, капсулалар, ұнтақтар немесе драже) ешқандай шектеулер жоқ. Дәрі-дәрмектерді баратын елге әкелуге тыйым салынуы мүмкін; тексеру үшін мына форманы толтыру қажет. Егер саяхатты бірнеше әуекомпания орындаса, басқа іуекомпанияларды да тасымалдау шарттарын тексеру қажет екенін ескеріңіз.

Сұйық түрдегі дәрі-дәрмектерге (сироптар, тұнбалар, ерітінділер, жақпа, кремдер) басқа сұйықтықтармен бірдей талаптар мен шектеулер қолданылады. Ұшу кезінде жолаушыға маңызы бар дәрілерді алуға рұқсат бар. Әуекомпания оларды кез-келген көлемде тасымалдауға рұқсат береді, бірақ міндетті түрде осындай препараттарды қолдануға дәрігердің нұсқауы бар медициналық тарихтан үзінді алу керек.

Аэрозольдерді қол жүгіне де салуға болады, бірақ әр препараттың салмағы 0,5 кг немесе 500 мл-ден аспауы керек.

Барлық дәрі-дәрмектерді зауыттық қаптамада тасымалдау жақсы. Егер сіз препаратты дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдасаңыз, өзіңізбен бірге осындай препараттарды қолдануға дәрігердің тағайындауын алыңыз.

Осы мақала пайдалы болды ма?