Әрбір авиакомпанияның жолаушылар салонында алып жүретін қол жүгінің мөлшері мен салмағына қатысты өз талаптары бар. Ұшу ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін оларды сақтау керек.
Air Astana эконом-класс және премиум эконом-класс жолаушылары көлемі 56 x 45 x 25 см аспайтын және салмағы 8 кг аспайтын 1 сөмкені тасымалдай алады, бизнес-класс жолаушылары көрсетілген салмағы мен өлшемі бар 2 сөмкені тасымалдай алады.
Әуежайда тіркеу аймағында арнайы шектегіш рамкалар бар. Оларға ұшақтың салонына апаратын сөмкені салыңыз және оның қажетті өлшемдерге сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Өзіңізбен бірге 1 орыннан артық емес қол жүгін алып келуді ұсынамыз-сонда Сіздің және басқа адамдардың сөмкелері үшін жолжүк сөрелерінде жеткілікті орын болады.
Осы мақала пайдалы болды ма?