Жолжүктің әрбір жеке орнының шекті өлшемдері үш өлшемнің мөлшері бойынша (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспауы тиіс. Көрсетілген өлшемдерден асатын багажды тасымалдау алдын ала келісілуі тиіс. Алдын ала төлем қарастырылмағанына назар аударуыңызды сұраймыз. Тасымалдау расталған жағдайда, төлем әуежайда қолданыстағы тарифтерге сәйкес жүргізіледі. Растау үшін форманы толтыруыңыз қажет.
32 кг-нан асатын жолжүл тіркелген жүк ретінде тасымалдауға қабылданбайды. Егер бұл салмақ нормасынан асатын болса, артық салмақты жолжүктің/қол жүгінің басқа орындарына бөлуіңізді ұсынамыз.
Егер жолжүк бөлінбейтін болса, онда оны жүк ретінде ресімдеп, жүк тасымалдау қызметін пайдалануыңыз қажет.
Осы мақала пайдалы болды ма?