Тегін жолжүкті алып жүрудің жалпы нормалары барлық жолаушылар үшін стандартты және брондау сыныбына, сондай-ақ таңдалған тарифке байланысты ерекшеленеді:
- Бизнес-класс - әрқайсысы 32 кг дейін 2 жолжүк орны
- Премиум Эконом - әрқайсысы 32 кг дейін 2 жолжүк орны
- Жатын Эконом - әрқайсысы 23 кг дейін 2 жолжүк орны
- Эконом-класс - (базалық тариф - 0 кг, классикалық тариф - 23 кг дейін 1 жолжүк орны, Плюс тариф - әрқайсысы 23 кг дейін 2 жолжүк орны)
Жолжүктің әрбір жеке орнының шекті өлшемдері үш өлшемнің қосындысы бойынша (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспауы тиіс. Өлшемдері осы нормадан асатын жолжүкті тасымалдау алдын ала расталуға және жарияланған тарифтерге сәйкес төленуге тиіс. Растау үшін форманы толтыру қажет.
Бұл ереже салонда жеке орын берілмей ұшуды орындайтын 2 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, барлық жолаушыларға қолданылады.
Белгілі бір маршруттарда жолжүк тасымалдау нормалары бойынша арнайы ұсыныстар бар. Толығырақ осында.
Егер сіз Nomad Club бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, қатысу деңгейіңізге байланысты жолжүкті алып жүру нормасы бойынша қосымша артықшылықтарыңыз бар.
Алмаз деңгейі
- Эконом-класс - 2 орын * 23 кг
- Бизнес-класс - 2 орын * 32 кг
Алтын деңгей
- Эконом-класс - 2 орын * 23 кг
- Бизнес-класс - 2 орын * 32 кг
Күміс деңгейі
- Эконом-класс - 1 орын * 23 кг
- Бизнес-класс - 1 орын * 32 кг
Жолжүкті тегін алып жүрудің жарияланған нормалары Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолданылады. Басқа әуекомпаниялармен бірлескен рейстерінде тасымалдаушы әуекомпанияның нормалары қолданылады.
Егер тасымалдау басқа әуекомпаниялармен бірлескен рейстерін қоса алғанда, 2 және одан көп тасымалдаушылардың рейстерінде жүзеге асырылса, онда маршрутта үстем тасымалдаушының (MSC-Most Significant Carrier, яғни аса маңызды тасымалдаушының) жолжүк тасымалдау нормасы қолданылады. MSC халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелерімен қай әуекомпания ең маңызды және/немесе ұзақ сапар кезеңін орындайтынына сәйкес анықталады.