Жеңілдік мына бағыттарға байланысты:
- Қазақстан бойынша рейстерде 2 жасқа дейінгі сәбилер тегін саяхаттайды, 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар ересектер үшін қолданыстағы тарифтен 50% жеңілдікпен саяхаттайды;
- Қазақстаннан шетелге және кері халықаралық рейстерде 2 жасқа дейінгі сәбилер тегін саяхаттайды, Қазақстан арқылы шет мемлекеттер арасындағы халықаралық рейстерде 2 жасқа дейінгі сәбилер ересектердің қолданыстағы тарифінен 90% жеңілдікпен саяхаттайды. 2 жастан 11 жасқа дейінгі балалар Қазақстанға/Қазақстаннан халықаралық рейстерде ересектер үшін қолданыстағы толық тарифтен 50% жеңілдікпен саяхаттайды, шет мемлекеттер арасында Қазақстан арқылы ересектер үшін қолданыстағы толық тарифтен 25% жеңілдікпен саяхаттайды.
Осы мақала пайдалы болды ма?