Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Жүкті әйелдерге ұшу үшін қандай анықтама қажет?

Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 22 аптадан 34 аптаны қоса алғанда және көп ұрықты жүктілік кезінде 22 аптадан 32 аптаны қоса алғанда жүкті әйелдер жүктілік мерзімі және денсаулығының қанағаттанарлық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасы болған кезде ұша алады. Шетелдік станциялардан ұшып шыққан кезде анықтама ағылшын тіліне аударылған болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылық мерзімі 30 күн. Жүктілік картасы қажет емес.

Жүктілік мерзімі бір ұрықты жүктілік кезінде 34 аптадан асатын және көп ұрықты жүктілік кезінде 32 аптадан асатын жүкті әйелдер дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған кезде ұша алады. Қорытынды "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/у нысаны бойынша рәсімделуге тиіс. Шетел қалаларынан ұшқан кезде-қорытынды ағылшын тіліне аударылуы тиіс. Қорытындының қолданылу мерзімі-30 күн. Жүктілік картасы қажет емес.

Осы мақала пайдалы болды ма?