Ерекше қажеттіліктер

  • Әуекемеде арнайы тағамға тапсырыс беруге бола ма?

    Air Astana жолаушыларға арнайы тағамдар ұсына алатындығына қуанышты. Арнайы тағамға Air Astana әуекомпаниясының көптеген халықаралық және кейбір ішкі рейстерінде тапсырыс беруге болады. Толығырақ ақпарат үшін мында басыңыз.
  • Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шегетін бала Air Astana рейстерімен ұша алады ма?

    Ересек адамдардың қарауынсыз 6-15 жас аралығындағы балалар Air Astana рейстерімен сапар шеге алады. Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, ұшып келу уақытына қарамастан, балалар ересектердің қарауынсыз Air Astana әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды. Толығырақ ақпарат алу үшін, біздің жергілікті кеңсемізге немесе Брондау және ақпарат орталығымызға хабарласуыңызды сұраймыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.
  • Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға арналған ерекше қызмет түрлері бар ма?

    Иә, әрине. Қозғалысы шектеулі жолаушыларға келесі қызмет түрлерін ұсынамыз. Мүгедектер креслосы WCHR  баспалдақпен көтеріліп-түсе алатын, және салондағы орнына жете алатын, бірақ ұзақ қашықтықтаққа мүгедек креслосын қажет ететін жолаушыларға арналған. WCHS  баспалдақпен көтеріліп-түсе алмайтын, бірақ салондағы орнына жете алатын жолаушыларға арналған; ондай жолаушыларға да ұзақ қашықтықтыққа мүгедек креслосы қажет болады. WCHC салон ішінде және баспалдақпен көтеріліп-түскенге мүгедек креслосын қажет ететін, мүлдем қозғала алмайтын жолаушыларға арналған. Жолаушының өзінде мүгедек креслосы бар болса, ол кресло жолжүгі ретінде тегін тасымалданады. Тек қана зембілде тасымалданатын жолаушының жол жүру кезінде кем дегенде бір серігі болу керек. Егер сізге арнайы көмек қажет болса, ұшарға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын (зембілмен тасымалданатын жолаушылар үшін 72 сағат бұрын) special.services@airastana.com  электрондық поштамызға хабарласуыңызды сұраймыз. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.
  • Жүкті әйелдерге арналған арнайы ережелер бар ма?

    Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін (екі нәрестелі жүктілік кезінде 22 - 32 аптаға дейін) медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап (екі нәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап) құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады. Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, әуекомпанияның оны тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар. Жалпы жай-күйіне байланысты, ұшақ экипажы және жердегі қызмет көрсету өкілдері шешімімен, жүкті әйел тасымалдануға алынбауы мүмкін. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.
  • Тасымалдауға байланысты басқа сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады

    Басқа сұрақтар бойынша біздің Брондау және ақпарат орталығымызға келесі нөмірлер - ұялы :+7 702 702 44 77, Алматы: + 7 (727) 244 44 77, Астана: +7 (717) 258 44 77 немесе call.centre@airastana.com  эл.поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.