Онлайн тіркелу

  • Онлайн тіркелу дегеніміз не?

    Онлайн тіркелу дегеніміз - рейстерге тіркелудің оңай және ыңғайлы тәсілі.

    Ұшып шығу күні сіз:

    • Сапарыңызға өзіңізді және қасыңыздағы жолаушыларды тіркей аласыз
    • Кеден қызметкерлерінің сұранысы бойынша жеке мәліметтеріңізді толықтыра аласыз
    • Ұшақтан орын таңдай аласыз
    • Отырғызу талоныңызды басып шығара аласыз
  • Онлайн тіркелуді кім пайдалана алады?

    Сапарыңыз уақтылы Air Astana рейсінен басталса және егер сапар барысында түйісу рейсі болған жағдайда сіз тіркелуді онлайн өте аласыз.
    Төменде көрсетілген категория жолаушылары әуежайда тіркелуі керек:
    • Ересек адамдардың қарауынсыз сапар шегетін кішкентай балалар
    • Қосымша орындары бар жолаушылар
    • Зембілдегі жолаушылар
  • Қалай тіркелуге болады?

    Тіркелу үшін, келесі қадамдарды жасаңыз:
    1. Сәйкестендіру
    2. Тапсырысты таңдау
    3. Жолаушыларды таңдау
    4. Тіркелуді растау
    5. Жеке мәліметтерді жаңарту
    6. Отырғызу талонын басып шығару
    Қалауыңыз бойынша, келесі қызметтерді пайдалануға болады:
    • Орын ауыстыру
    • Жиі ұшатын жолаушы мәліметтерін жаңарту
  • Қалай сәйкестендіруге болады?

    Сәйкестендіру мақсатында келесі мәліметтерді енгізіңіз:
    • Тегіңіз: Тегіңізді тапсырысты растауда көрсеткендей жазыңыз
    • Ұшып шығу әуежайы: Сапарыңыздың бастамасында ұшып шыққан бірінші әуежайдың аты
    Сәйкестендіру үлгісі. Сіздің тапсырыңыз түрлі жолдармен табылуы мүмкін:
    • Брондау нөмірі - 6 таңбалы әріптер мен сандардан құралған код (мысалы, ABC123)
    • Билет нөмірі: 13 саннан тұратын нөмір (мысалы, 4652400623623)
    • Жиі ұшатын жолаушы нөмірі (мысалы, 102061982)
    • Төлқұжат нөмірі (25 белгіге дейін)
    Тапсырыста тапсырыс нөмірі болса ғана сәйкестендіру сәтті өтеді. Тапсырысты беру кезінде тапсырыс нөмірі мен билет нөмірі әрқашан көрсетіледі.
  • Мен қосымша жолаушыны тіркегім келеді нұсқауын не мақсатпен пайдаланамын?

    Егер сіз достарыңызбен немесе туыстарыңызбен сапарға шықсаңыз, тапсырыстарыңыз түрлі болса да, осы нұсқауды басу арқылы барлығыңызға бірге тіркелуге болады.
  • Неге менің жолаушыларды марапаттау бағдарламам тізімде көрсетілмейді?

    Әуекомпанияда тек әуекомпанияның өзінің немесе серіктес әуекомпаниялардың ғана жолаушыларды марапаттау бағдарламасының мүшелік картасын пайдалануға болады. Сіздің жолаушыларды марапаттау бағдарламаңыз тізімде болмаған болса, сәйкестендірудің өзге тәсілін пайдаланыңыз.
  • Тапсырысты таңдау дегеніміз не?

    Сізде бірнеше тапсырыстар болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз тіркелгіңіз келген тапсырысты таңдауыңыз керек. Егер сізде тек жалғыз тапсырыс болса, сізге мұндай экран көрінбейді.
  • Неге кейбір жолаушыларды таңдау мүмкін емес?

    Кейбір жолаушылар тіркеліп қойған болуы мүмкін немесе осы жолаушылар тек әуежайда ғана көрсетілетін қосымша қызметтерді талап етеді. Бұл жолаушылар қосымша мәлімет үшін ғана экраннан көрініп тұрады және оларға ешбір өзгертулер жасау мүмкін емес.
    Егер осы жолаушыларға байланысты кейбір өзгертулер енгізу керек болса, тұтынушылар қызметіне телефон шалыңыз немесе әуежайдағы агентке хабарласыңыз.
  • Басқа да жолаушыларды қосу функциясы дегеніміз не?

    Егер сіз бір немесе түрлі тапсырыстағы басқа да адамдармен ұшатын болсаңыз, оларды қоса тіркеп, бірге отыруыңызға болады. Тіркеу кезінде тіркелу үшін, сіздің осы жолаушылармен ұшатын рейсіңіз және класыңыз бірдей болуы талап етіледі.
  • Неге менің жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысы екендігім көрсетілмеді?

    Тапсырыс беру кезінде табылған болса, жолаушының жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысы екендігі экранда пайда болады. Егер мұндай мәлімет көрсетілмеген болса, тапсырыста мұның жоқ екендігін білдіреді. Сіз оны "жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысын қосу" нұсқауы арқылы қоса аласыз.
  • Неге мен кейбір рейстерді таңдай алмаймын?

    Түрлі әуекомпанияларда түрлі рейстерде орынды on-line жүйесінде брондауға болмайды. Бұл рейстерге тіркелу үшін әуежайға барыңыз.
  • Менің отыру орнымның нөмірінің орнында неге "кез келген бос орынға отыру" деп жазылған?

    Ішкі рейстерде сіз ұшақ бортындағы қалаған орныңызға отыра аласыз. Осы себепті, сіз бұл рейске орын таңдай алмайсыз.
  • Не себепті мен жеке мәліметтерімді беру керекпін?

    Халықаралық бағыттарда ұшқан кезде,кейбір мемлекеттердің кеден қызметтері  мемлекет территориясына енуге рұқсат берер алдында жолаушылар жайлы қосымша мәліметтерді талап етеді. Тек осындай рейстер үшін біз ұшақ бортына  кіргізер алдында  мәліметтерді талап етеміз. Мәліметтерді онлайн тіркелу арқылы енгізуіңізге болады. Егер сізде мұндай мәлімет болмаса, сіз тіркелген болып қала бересіз, бірақ әуежайға келген кезде, отырғызу талонын алу үшін, мәліметтерді ұсынуыңыз керек.
    Әуекомпания жолаушылардың жеке бас мәліметтерін тек кедендік рәсімдеулерден басқа ешбір мақсатта қолданбайды. Сіздің мәліметтеріңіз кедендік тексеріс аяқталғаннан кейін сақталмайды және пайдаланылмайды.
  • Не себепті мен кейбір отырғызу талондарымды басып шығара алмаймын?

    Кейбір қауіпсіздік шараларына сәйкес, отырғызу талонын басып шығаруға тыйым салынған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушының есімінің жанында "қауіпсіздік талаптарына байланысты" деп көрсетіледі. Сіз тіркеуде қала бересіз, және әуежайда қауіпсіздік талаптарын орындағаннан кейін отырғызу талонын аласыз.
  • Орынды қалай таңдауыма болады?

    Орынды таңдау үшін, сіз сол жақ бағандағы жолаушыны таңдап, орындар картасынан бос орынды таңдап алыңыз. Мұны сіз өзіңізбен бірге ұшатын барлық жолаушылар үшін істей аласыз. Содан соң жаңа орынды растаңыз немесе орын ауыстыруды болдырмай, өзіңіздің алдында белгіленген орныңызды қалдырып, растау бетіне қайтыңыз.
  • Неге менің орным расталмады?

    Сіз таңдап жатқан кезде, басқа жолаушы сізден бұрын осы орындарға тапсырыс беріп қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда сізге басқа орындар белгіленеді және сіз орындар картасынан орындарды қайта таңдауыңызға болады.
    Орныңызды бір топтың адамдарының арасындағы орынға ауыстыруыңыз басқа қосымша себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сіз орныңызды сақтап, ұшақ бортына келген кезде  келісіп, ауыстырып алуыңызға болады.
  • Менің жолаушыларды марапаттау бағдарламасының қатысушысы екендігім неге тізімде көрсетілген жоқ?

    Сапар кезінде тек әуекомпанияның өзінің немесе серіктес әуекомпаниялардың ғана жолаушыларды марапаттау бағдарламасының мүшелік картасын пайдалануға болады. Сіздің  жолаушыларды марапаттау бағдарламаңыз тізімде болмаған болса, сіз бұл сапарда тегін миляларды пайдалана алмайсыз.