Meet & Greet қызметі

  • Meet&Greet қызметінің ережелері мен шарттары

    1. Meet&Greet (бұдан әрі – Қызмет) мыналарды қамтиды:

    •  терминалға кірер жерде күтіп алу немесе ұшып шығу/ұшып келу әуежай аумағындағы өзге жерде кездесу
    •  жолаушының алғашқы боп тіркелуі және жолжүкті тіркеу
    •  жолаушылармен ілесіп жүру (отырғызуға дейін), ұшып келген кезде күтіп алу
    •  жолаушы ұшып келген соң, жолжүкті ұшып келу әуежай аумағындағы кездесу орнына  жеткізу
    •  ұшып келген жолаушыларды әуежай терминалынан шыққанға дейін шығарып салу

    2. Тараптардың жауапкершілігі

    «Эйр Астана»әуекомпаниясы кез келген «Meet & Greet» пакетін жою немесе өзгерту құқығын

    өзіне қалдырады.

    Әуекомпания қолданылған шаралардың мұқияттылығына қарамастан, әсересе салдарын

    болдырмау мүмкін болмаған, төтенше, тосыннан келген жағдайларда, соның ішінде: кестедегі

    кідірістер немесе өзгерістер, техникалық проблемалар немесе техникалық қызмет көрсетуге

    байланысты проблемалар, аурулар, қолайсыз ауа райы жағдайлары, үшінші тұлғаларды қамтитын

    табиғи және техногендік апаттар, соғыс, террористік актілер, індеттер, пандемиялар, карантин

    және басқа да себептерге байланысты жоғалған, зақымдалған заттардың шығынына жауап

    бермейді. Әуекомпанияның бақылау аймағынан тыс, алдын алуға болмайтын, төтенше, күтпеген

    жағдайларға байланысты жоғалған, зақымдалған заттардың шығынына сіз толық жауапты

    боласыз.

    2.1  Сіздің әуебилетті брондау процесіндегі әрекеттеріңіз не әрекетсіздігіңіз немесе сіздің билетіңізді брондауға атсалысқан өзге кез келген тұлғаның әрекеттері не әрекетсіздігі нәтижесінде келіп түскен шағымдар, арыздар, (сот шығындарын қоса) залалдарға қатысты Әуекомпания көтерген барлық шығындарды өтеуге келісесіз.

    2.2  Әуекомпания қалай болғанда да сіздің алдыңызда ешбір жанама, ілеспе немесе айыппұлдық залалдар үшін жауапты болмайды.

    2.3  Қызметтер «Эйр Астана»  АҚ әуекомпаниясы орындайтын және әуебилеттері «Эйр Астана»  (KC) екі әріптік белгісімен брондалған рейстердің жолаушылары үшін ғана жарамды. Ешқандай код-шерингтік және/немесе интерлайн рейстер («Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясы іске асыратын және басқа әуекомпаниялар орындайтын; немесе басқа әуекомпаниялар мен «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясы орындайтын) осы бағдарламаға қатыспайды.

    2.4  Клиенттің жауапкершілігі:

    • қызмет өкілімен кездесу үшін белгіленген уақытта және белгіленген орынға келу;
    • қажетін болған жағдайда байланысу үшін қолданыстағы телефон нөмірін ұсыну;
    • тасымалдау құжаттарының, визалардың жарамдылығы, заңдылығы және қолданылу мерзімі және шығу/келу елдерінен/елдеріне шығу/кіру рұқсатының болуы;
    • әуебилетті брондау, рейстің күні мен нөмірі туралы ақпарат беру.

    2.5  Белгіленген орынға белгіленген уақытта келе алмайтын жағдайда, Клиент Әуекомпания өкіліне көрсетілген телефон нөмірі арқылы кездесу уақытынан кемінде 60 минут бұрын хабарласуы керек.

    2.6 Егер Клиент белгіленген орынға белгіленген уақытта келіп, Қызмет өкілін кездестірмесе, өкілге 15 минут ішінде көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласуы қажет, әйтпесе қызмет көрсетілген болып есептеледі.

    2.7  Клиент жолжүкті рәсімдеуге көмектесу үшін стандартқа сай келмейтін жолжүк не тасымалдау нормасынан асатын жолжүк туралы Әуекомпанияға алдын ала хабарлайды. Өзге жағдайда Әуекомпания белгілеген нормаларға сәйкес келмейтін жолжүкті алып жүру Клиенттің өз жауапкершілігі болып табылады.

    2.8  Клиент Әуекомпаниямен әуежайда, ұшаққа отырғызу кезінде барлық формальды рәсімдерден уақытылы өтуге жеткілікті уақытты алдын ала келіседі. Ұсынылатын кездесу уақыты –жолаушының әуебилеті брондалған рейс ұшқанға дейін 2 сағат бұрын, бірақ 60 минуттан кем емес. Клиент қызмет өкілінің салғырттығы немесе қасақана әрекеттері не әрекетсіздігі себебінен қызметтердің уақытылы көрсетілмегенін дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, Әуекомпания қызмет өкілінің қызметтерді уақытылы көрсетпегені үшін жауапты болмайды.

    2.9  Қызметті брондау әлі расталмаған болса, Әуекомпания қызмет құнын өзгертуге құқылы.

    3. Қызметті ұсыну мерзімі

    Бағалар рейс ұшып шыққанға дейін 2 сағат қызмет көрсетуді және рейс ұшып келгеннен кейін 2

    сағат қызмет көрсетуді қамтиды. Уақыт кезеңі рейс келген сәттен және ұшу үшін рейстің

    жоспарланған ұшу уақытынан 2 сағат бұрын басталады.

    Қызмет құнына нормативтен тыс жолжүк ақысы, сақтандырудың барлық түрлері, соның ішінде

    жолжүкті сақтандыру, саяхаттарды сақтандыру, визалық алымдар мен паспортты басып шығару

    алымдары және қызметке жатпайтын өзге де шығындар кірмейді.

    Қызметті ұсыну уақыты рейс жөнелтілгенге дейін және/немесе рейс келгеннен кейін 2 сағаттан

    аспайды.

     

    4. Шектеулер

    Брондау Алматы-Астана, Астана-Алматы бағыттарында жоспарланған келу/кету уақытынан кемінде 12 сағат бұрын жасалуы керек. Meet&Greet қызметі үшін топтағы брондалатын жолаушылар саны балалар мен сәбилерді

    қосқанда 9-дан аспауы тиіс. Қызмет жолаушылардың бір брондауға, топқа кіретініне, соның

    ішінде жолаушылардың бір отбасы болып табылатына қарамастан, әр жолаушыға жеке төленеді.

    Meet&Greet қызметін Nomad Club жиі ұшатын жолаушыларға сыйлық ретінде берілетін

    ұпайлар немесе сертификаттар арқылы сатып алуға болмайды.

     

    Meet&Greet қызметін Қазақстан Республикасы аумағындағы «Эйр Астана» кеңселеріндегі

    Сыйлық карталары арқылы сатып алуға болады.

     

    Meet&Greet қызметінің ақысын төлегеннен кейін, рейс Әуекомпания кінәсінан тоқтатылған

    немесе кешіктірілген жағдайларды қоспағанда, қызметті қайта брондау, өзгерту немесе одан

    бас тарту мүмкін болмайды.

     

    Meet&Greet қызметін басқа жолаушыларға қайта брондау мүмкін емес.

     

    Meet&Greet қызметі келесі әрекеттерді қамтымайды:

    • сіздің атыңыздан және/немесе сіздің мүддеңіз үшін кез келген құжатқа қол қою;
    • сіздің атыңыздан және/немесе сіздің мүддеңіз үшін кез келген тәсілмен төлем жүргізу;
    • сіздің атыңыздан және/немесе сіздің мүддеңіз үшін қызметтер/тауарлар сатып алу;
    • осы Ережелер мен шарттарына сәйкес тіркеу кезінде тапсырылған жолжүгіңізден басқа кез келген затты/құжатты/тағамды басқа біреуден және біреуге сіздің атыңыздан және/немесе сіздің мүддеңіз үшін алу/қабылдау/тапсыру;
    • елден не қаладан шығу немесе оған кіру үшін талап етілетін визаны және өзге де құжаттарды рәсімдеу.

    5. Қайтаруды рәсімдеу

    Meet&Greet қызметі үшін ақшалай қаражатты қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

    • Әуекомпанияның кінәсінан рейстің 2 сағаттан астам уақытқа кідіруі
    • Әуекомпанияның кінәсінан рейс күшінің жойылуы
    • Әуекомпанияның кінәсінан рейс кестесінің өзгеруі

    Meet&Greet қызметі үшін ақшалай қаражатты қайтарып алуды рәсімдеу үшін қызметті сатып

    алған жерге хабарласу керек.

    Қызмет ҚР аумағынан тыс жердегі турагенттіктерде рәсімделген жағдайдан бөлек. Мұндай

    жағдайда қайтару Көмек Орталығы арқылы жүзеге асады.

    Әуекомпания ақшалай қаражатты әуежайда немесе ұшақтың бортында қайтармайды.

    Ақша сатып алу кезінде пайдаланылған банк картасына 5-7 жұмыс күн ішінде қайтарылады.

    Жолаушы белгіленген орынға белгіленген уақытта келмеген жағдайда, Meet&Greet қызметі

    қайтарылмайды.

     

    6. Өзге шарттар

    «Эйр Астана»әуекомпаниясы осы Ережелер мен шарттарға өзгерістер енгізу және оны басқаша

    етіп өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Қызметті сатып алғанда осы Meet&Greet қызметінің

    Ережелерімен және шарттарымен келісетініңізді растайсыз.

     

    Аталған Ережелер мен шарттар «Эйр Астана» әуекомпаниясының Тасымалдау ережелерімен, Вебсайтты қолдану ережелері мен шарттарымен, Құпиялылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

    саясатымен бірге қаралуы тиіс, олармен airastana.com сайтында танысуға болады.

    «Эйр Астана» әуекомпаниясының көрсетілген қандай да құқықты пайдаланбауын болашақта

    мұндай құқықтарды пайдалану құқығынан бас тарту немесе босатуы ретінде қарастырылмауы

    тиіс.

  • Meet & Greet дегеніміз не?

    Meet & Greet қызметі біздің жолаушыларға әуежайда барлық қажетті формальдылықтарды тез және ыңғайлы түрде біздің өкіліміздің сүйемелдеуімен аяқтауды ұсынады.

    Meet & Greet қызметі:

    • терминалға кірген кезде немесе ұшып шығу/ұшып келу әуежайы аумағындағы басқа жерде кездесуді;
    • жолаушы мен багажды басым тіркеуді;-жолаушыларды алып жүруді (қонуға дейін), ұшып келу бойынша кездесуді;
    • багажды ұшып келу әуежайы аумағындағы кездесу орнына жеткізуді қамтиды;
    • әуежай терминалынан шыққанға дейін ұшып келген жолаушыларды алып жүру.
  • Meet & Greet қызметінің құны

    • Алматы - Астана|Астана-Алматы – бір бағытта 12 000 теңге
    • Астана - Франкфурт|Франкфурт - Астана – бір бағытта 40 евро

    Қызмет бағасына артық жолжүкті төлеу, сақтандырудың барлық түрлері, соның ішінде жолжүкті сақтандыру, саяхатты сақтандыру, визалық алымдар мен төлқұжаттарды басып шығару алымдары, қызметке кірмейтін басқа да шығындар кірмейді.

  • Meet & Greet қалай тапсырыс беруге болады?

    • «Эйр Астананың»кез-келген сату кеңсесі немесе брондау және ақпарат орталығында арқылы брондауға болады +7 (727) 244 44 77, +7 (717) 258 44 77; 
    • Ресми веб-сайтымыз арқылы билет сатып алу кезінде;
    • Ресми веб-сайтымыздағы «Брондау басқару» бөлімі арқылы.
  • Meet & Greet қызметіне қашан тапсырыс беру керек?

    Meet & Greet қызметін рейстің ұшуына дейін 48 сағаттан кешіктірмей (Алматы-Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан-Алматы бағыттары үшін ұшуға дейін 12 сағаттан кешіктірмей) брондауға болады.

  • Авиакомпания өкілдері сатып алынған Meet & Greet қызметімен жолаушыларды қайда қарсы алады?

    Астана

    • Ұшып келу.
    • Біздің өкіл сізді жеңнен шыққан кезде немесе терминалға кіре берісте сіздің атыңыз жазылған белгімен қарсы алады.
    • Ұшып кету біздің өкіл сізді 2-терминалда бірінші қабаттағы анықтамалық сөреде сіздің атыңыз жазылған тақтайшамен қарсы алады.

    *** Тегін портье қызметі қолжетімді.

     

    Алматы

    • Ұшып келу.
    • Біздің өкіл сізді жеңнен шыққан кезде немесе терминалға кіре берісте сіздің атыңыз жазылған белгімен қарсы алады.
    • Ұшып шығу біздің өкіл сізді 1-терминалдың екінші қабатындағы ұшып шығу аймағына кіре берісте сіздің атыңыз жазылған тақтайшамен қарсы алады.

    * Тегін портье қызметі қолжетімді.

     

    Франкфурт

    • Трансфер. Біздің өкіл сізді ұшақтың жеңінен немесе терминалға кіре берісте күтеді. Қызметкердің қолында сіздің атыңыз жазылған белгі болады. Meet & Greet қызметі терминалдар арасында да, сол терминал ішінде де ұсынылады.

     

     

  • Егер сатып алынған қызметті ешкім кездестірмесе не істеу керек?

    Егер Сізді ешкім қарсы алмаса немесе сіз біздің өкілімізді тағайындалған жерден таба алмасаңыз, төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шала аласыз:

    Астана: +7 702 702 03 55;

    Алматы: +7 702 702 01 55;

    Франкфурт: +49 69 690 213 59

  • Авиакомпания өкілдері сатып алынған Meet & Greet қызметімен жолаушыларды қай уақытта қарсы алады?

    Төленген қызмет рейстің жоспарланған ұшуына дейін 2 сағат қызмет көрсетуді және/немесе рейстің нақты келуіне дейін 2 сағат қызмет көрсетуді білдіреді. Сервисті ұсыну уақыты рейстің жөнелтілуіне және/немесе келуіне дейін 2 сағаттан аспайды.

  • Meet & Greet қызметін ұсынудың негізгі шарттары

    Қызмет көрсету үшін топтағы брондалған жолаушылар саны, балалар мен сәбилерді қоса алғанда, 9-дан аспауы тиіс. Бұл ретте қызмет әрбір жолаушы үшін, жолаушылардың бір броньдауға енгізілуіне қарамастан төленеді; қызмет Nomad Club жиі ұшатын жолаушыларына сыйақы беру бағдарламасының балдарымен немесе сертификаттармен төленбейді; қызмет авиакомпанияның Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті кеңселеріндегі сыйлық карталарының көмегімен төленуі мүмкін; Қызмет басқа жолаушыға қайта ресімделмеуі мүмкін; Қызмет көрсетуге мыналар кірмейді:клиенттің атынан және/немесе клиенттің мүддесі үшін кез келген құжаттарға қол қою; клиенттің атынан және/немесе клиенттің мүддесі үшін кез келген тәсілмен төлем жүргізу; клиенттің атынан және/немесе клиенттің мүддесі үшін қызметтерді/тауарларды сатып алу; клиенттің атынан және/немесе клиенттің мүддесі үшін жинау/қабылдау/беру және / немесе клиенттің мүддесі үшін осы Қағидалардың шарттарына сәйкес тіркеу кезінде тапсырылған клиенттің жүгінен басқа біреуден және біреуден кез келген заттардан/құжаттардан/азық-түліктен клиенттің кез келген заттарын/құжаттарын / азық-түліктерін ресімдеу; елге немесе қалаға шығу немесе кіру үшін талап етілетін визаларды және өзге де құжаттарды ресімдеу.

     

  • Сатып алынған Meet & Greet қызметін қайтаруға бола ма?

    Төлем жасалғаннан кейін авиакомпанияның кінәсі жағдайларын қоспағанда, қызмет өзгертуге немесе тоқтатуға жатпайды; Қызмет үшін ақша қаражатын қайтару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

    • авиакомпанияның кінәсінен рейстің күшін жою;
    • авиакомпанияның кінәсінен рейстің ұшу уақыты кестесінің өзгеруі.

    Қызмет үшін ақшалай қаражатты қайтаруды ресімдеу үшін қызметті сатып алу орны бойынша жүгіну қажет. ҚР аумағында жоқ турагенттіктерде қызметті ресімдеу жағдайлары ерекше болып табылады. Бұл жағдайда қайтару сұрау бойынша жүзеге асырылады. Авиакомпания ақшалай қаражатты әуежайда немесе ұшақ бортында қайтаруды жүзеге асырмайды. Жолаушы белгіленген уақытта, белгіленген орынға келмеген жағдайда Meet & Greet қызметі қайтарылмайды.