My BAGGAGE қызметі (қосымша жүк)

  • MyBAGGAGE ережелер мен шарттар

    • Қосымша жолжүктің алдын ала төлемін тек «Эйр Астана» авиакомпаниясы орындайтын рейстерге рәсімдеуге болады.
    • Қосымша жолжүктің алдын ала төлемінің тарифтері бағдар бойынша бір бетіне (ұшып кету немесе ұшып келу) бірінші аялдамаға/бірінші стоповерге немесе соңғы межелі орынға дейін қолданылады.
    • Қосымша жолжүк үшін алдын ала төлем сіздің авиабилетіңізге ғана, басқа жолаушыға беру құқығынсыз рәсімделеді.
    • Алдын ала төленген Қосымша жолжүк алдын ала төлем қызметі рәсімделген билетке рәсімделуі тиіс.
    • «Эйр Астаны» авиакомпаниясының жолаушыларды және жолжүкті әуемен тасымалдау ережелері осы шарттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
    • Қосымша жолжүкті алдын ала төлеу қызметін рәсімдеген кезде берілетін бүкіл ақпараттың толықтығын тексеріп алуыңыз керек.
    • Қосымша жолжүк үшін алдын ала төлем Сапар шегу сертификаты, сыйлық картасы, ваучер я болмаса Nomad Club баллдары арқылы жүзеге асырыла алмайды.
    • Қосымша жолжүкті алдын ала төлеу қызметі 1 жолаушы үшін жолжүктің 10 орнын (сөмкені) рәсімдеуге мүмкіндік береді.
  • Air Astana багажды тасымалдау нормалары

    Багажды алып жүру нормасы сатып алынған билетке сәйкес айқындалады. Багаждың бір орнының салмағы билетті брондау класы бойынша ерекшеленеді (бірақ санитарлық нормаларға сәйкес 32 кг аспауы тиіс):

    • Бизнес-класс - әрқайсысы 32 кг дейін 2 багаж орны
    • Embraer 190-E2 бойынша Премиум эконом-класс - әрқайсысы 32 кг дейін 2 багаж орны
    • Жатын Эконом – әрқайсысы 23 кг дейін 2 багаж орны
    • Эконом-класс - әрқайсысы 23 кг дейін 0-ден 2-ге дейін багаж орны

    Багаждың әрбір жеке орнының жалпы мөлшері (ұзындығы + ені + биіктігі) 158 см-ден аспайды. Қосымша багаж қызметі қажет болған кезде билет бойынша тасымалдау нормасын арттыруға арналған.

     

  • Қосымша багаж қызметі туралы толығырақ

    Егер билет бойынша жүк тасымалдау нормасы жеткіліксіз болса, Air Astana-да қосымша норма сатып алу қызметі бар. Бұл багаждың қосымша орны, салмағы немесе бір орынның мөлшері болуы мүмкін. Багаждың қосымша орнын ұшуға дейін 36 сағаттан артық уақыт бұрын сатып алған кезде 30% жеңілдік қолданылады.

  • Қосымша багаж орнын жеңілдікпен қалай сатып алуға болады?

    Қосымша багажды рейс ұшқанға дейін 36 сағаттан кешіктірмей 30% жеңілдікпен онлайн сатып алуға болады.

    Қосымша багаждың құнын біздің www.airastana.com ресми сайттан біле аласыз. "Ақпарат" – "Багаж" – "Қосымша багаж"қойындысын ашу қажет. Ашылған терезеде қосымша багаж тарифтерін көру үшін кету қаласын таңдап, "іздеу"түймесін басыңыз.

    Сіздің назарыңызға тарифтер торы ұсынылады, онда сіз қосымша багаждың нақты құнын, 30% жеңілдікпен құнын, артық салмақтың құнын, сондай-ақ таңдалған бағыт бойынша үлкен багаждың орнын біле аласыз.

    Қосымша багажды сіз брондау және ақпарат орталығынан, Air Astana сату кеңсесінен немесе туристік агенттіктен сатып ала аласыз.

  • Қосымша жүкті қайдан сатып алуға болады?

    Багаждың қосымша орнын авиакомпанияның сапарды рәсімдеу кезінде, "Брондауды басқару" сайтында және онлайн тіркелу кезінде, сондай-ақ сату кеңселерінде, брондау және ақпарат орталығында, ұшу алдында Air Astana тіркеу тағандарында немесе сапарды ұйымдастырған агенттікте сатып алуға болады.

     

  • Nomad Club қатысушылары үшін жүкті алып өту нормасы бойынша артықшылықтар

    Егер сіз Nomad Club қатысушысы болсаңыз, сізде қатысу деңгейіне байланысты жолжүкті алып өту нормасы бойынша қосымша артықшылықтар бар. Гауһар және алтын деңгейдегі қатысушылар үшін қосымша 2 багаж орны (эконом класында 23 кг/бизнес класында 32 кг), күміс деңгейдегі қатысушылар үшін - 1 орын ұсынылады. Бұл ретте Nomad Club ұпайлары қосымша жолжүкті сатып алу үшін пайдаланылмайды.

  • Егер сапар бірнеше рейстерден (ауысып отырумен) тұратын болса, қосымша багаж қандай тариф бойынша сатып алынады?

    Бір және одан да көп ауысып отыратын өтпелі бағыттарда 36 сағаттан кем: Қосымша багаж үшін тариф барлық тасымалдау үшін 1 рет алынады. Бір және одан да көп ауысып отыратын/36 сағаттан артық тоқтайтын немесе кері бұрылатын тура бағыттарда: Қосымша багаж тарифі әрбір ұшу сегменті үшін алынады.Егер тасымалдау маршруттың әрбір учаскесі бойынша жеке билеттерді пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, онда Қосымша багаж үшін төлем билеттерде көрсетілген әрбір маршрут бойынша жарияланған тарифтерге сәйкес алынады.

  • Басқа авиакомпанияның қатысуымен ұшуға қосымша жүкті рәсімдеуге бола ма?

    Багажды тегін алып жүрудің жарияланған нормалары Air Astana авиакомпаниясы орындайтын рейстерде ғана қолданылады. Басқа авиакомпаниялармен бірлесіп пайдалану рейстерінде тасымалдаушы авиакомпанияның нормалары қолданылады. Егер тасымалдау басқа авиакомпаниялармен бірлесіп пайдалану рейстерін қоса алғанда, екі және одан да көп тасымалдаушының рейстерінде жүзеге асырылса, онда маршрутта басым тасымалдаушының багажын тасымалдау нормасы қолданылады. Мұндай жағдайда жолжүкті билет бойынша белгіленген нормадан артық тасымалдау үшін төлем ұшу алдындағы нақты саны мен салмағы бойынша жүргізіледі.

  • Қосымша жолжүк қызметін қайтаруға бола ма?

    Қосымша багаж қызметін пайдаланбау фактісі расталған кезде ұшуға дейін немесе одан кейін қайтарылуы мүмкін.

  • Бөлінбейтін бір жүктің максималды рұқсат етілген салмағы қандай?

    Багаждың бөлінбейтін бір орны тасымалдаудың қосымша нормасы үшін қосымша төлемді қоса алғанда, 32 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 32 кг-нан асатын багаж орындары тіркелген багаж ретінде тасымалдауға қабылданбайды. Жүктерді тасымалдау қызметтерін пайдалана отырып, тасымалдауды рәсімдеу қажет.