Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

MySEAT ережелер мен талаптар

  • Барлық ақылы MySEAT орындары брондаған кезде бар болған жағдайда беріледі.
  • MySEAT орны Air Astana әуекомпаниясы орындайтын рейстерде ғана беріледі.
  • Эконом кластағы 1-ші, 2-ші және апаттық қатарларда (41 қатарды қоспағанда) MySEAT орнын Жатын Эконом болған жағдайда Алматы - Лондон - Алматы және Астана - Франкфурт - Астана рейстерінде брондау мүмкін емес.
  • Ересексіз жүрген балалар MySEAT орындарын сатып ала алмайды.
  • Nomad Club ынталандыру бағдарламасының Гауһар және Алтын деңгейдегі қатысушылары MySEAT орындарын тегін брондай алады.
  • Ақылы орынды жиі ұшатын Nomad Club жолаушыларын ынталандыру бағдарламасының ұпайларына сатып алу мүмкін емес.
  • MySEAT төлемді орынын Қазақстан Республикасының аумағындағы Air Astana-ның әуебилет сату кеңселерінде Сыйлық Картасы арқылы сатып алуға болады.
  • Сатып алғаннан кейін MySEAT-ті басқа күнге тегін қайта брондауға немесе басқа ақылы орынға ауыстыруға болады, тек бағыт өзгеріссіз қалу керек. MySEAT қайтарылмайды. Бағытты өзгертуге немесе қайтаруға рұқсат етілмейді, тіпті ерікті түрде орынды өзгерткен жағдайда бос орындар болмаса.
  • Әуекомпания сатып алынған орынды операциялық себептерге немесе авиациялық қауіпсіздік себептеріне байланысты кез келген басқа орынға ауыстыруға құқылы. Әуекомпания басқа орынды дәл сол қатардан беруге барынша күш салады.
  • MySEAT орындарын басқа жолаушыларға табыстау мүмкін емес.
  • Саяхатқа үй жануарларымен шыққан жолаушылар 1-қатардан және апаттық шығу есігі бар қатардан орындарды сатып ала алмайды.
Осы мақала пайдалы болды ма?