Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Жолжүкке байланысты шағым туындаса, не істеу керек?

Тіркелген жолжүк жолжүктің түбіртегін көрсетушіге беріледі. Халықаралық тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген жағдайда, шағым тасымалдаушыға жазбаша түрде зақымданулар анықтала салысымен және кем дегенде, алынғаннан кейін 7 күннің ішінде беріле алады; кешіктірген жағдайда, шағым жолжүк жеткізілмеген күннен бастап 21 күннің ішінде беріле алады.
Ішкі тасымалдау кезінде жолжүк бүлінген, жоғалған немесе ішінара ұрланған жағдайда, шағым тасымалдаушыға жазбаша нысанда беріле алады. Тасымалдаушы Мүліктік сәйкессіздіктер туралы есеп құжатын жолаушының қатысуымен толтырады.
Жолаушының шағым жасауға құқығын растайтын барлық құжаттар, соның ішінде билет, жолжүк үшін төлем жөніндегі түбіртек, жолжүк таңбасының жыртылмалы түбіршегі, мүліктік сәйкессіздіктер туралы есептің көшірмесі шағымға қоса беріледі. Өз шағымдарыңызды Air Astana әуекомпаниясының Жоғалған жүкті іздеу қызметіне мына адрес бойынша жазбаша нысанда жіберуді сұраймыз: ala.lf@airastana.com  немесе тел.: +7 727 259 66 84.
Осы мақала пайдалы болды ма?
Powered by Zendesk